• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Ақпан, 2016

«Мәңгілік Ел» пойызы Екібастұзда болды (фото)

316 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 29 ақпан. Облыстағы энергетиктер мен металлургтер қаласы Ақсуда және ауылдарында болып, одан облыс орталығы Павлодардан шыққан пойызды өндірсті қаланың теміржол стансасында қала әкімінің орынбасары Мариям Андасбаевба бастаған екібастұздықтар Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар ауқымында басталған «Мәңгілік Ел» пойызын қонақжайлықпен қарсы алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Мәңгілік ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісовтің айтуынша, пойыз қатысушылары үшін Мәшһүр Жүсіптің, Қаныштың, Сұлтанмахмұттың дүниеге келген жерге аяқ басуы үлкен қуаныш. Екібастұздықтар да ертеңгі күнге сенімдерін, елдің гүлдене түсуі үшін жұмыс істеуге құлшыныс барын жеткізуде. Пойыз құрамында Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар, дәрігерлер бар, олардың әрқайсысының халыққа әлеуметтік көмек көрсету, бес институционалдық реформаны түсіндіру, консультативтік көмек беру жөнінде өз жұмыстары бар. «Мәңгілік Ел» республикалық экипажы қатысушылары дөңгелек үстел жанында жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен кездесті, жастардың әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс жобаларын жүзеге асыруымен танысты, қаладағы «Қайнар» орталығында қала тұрғындарын қабылдады. ҚХА мүшелері ұлысаралық келісім жөнінде консультациялар өткізсе, қаладағы №2 емханада денсаулық сақтау өкілдерінен құралған тағы бір топ консультациялық қабылдау өткізді. Әділет, білім, қаражы, ауыл шаруашылығы, «Атамакен» кәсіпкерлік палатасының өкілдері жұртшылық сұрақтарына жауап берді. Кәсіпкерлік палатасының өкілі Талғат Доскеновтің айтуынша, «Атамакен» өткізген кездесуге бизнеске жаңа бет бұрған жастар жағы көп қатысыпты. Пойыз қонақатары өздерінің жұмыс кестелерін бітірген соң-Екібастұзды аралап, музейге барды, «Достық» үйінің жаңа ғимаратында семинарға қатысты. Одан кейін әлемге әйігілі «Богатырь» кенішінің көруге кеніштегі алаңға барды. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Мұрат Айтбаев.