• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Ақпан, 2016

Ақтөбеде татуластыру рәсімдеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді

241 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 29 ақпан. Ақтөбе облыстық сотының ғимаратында «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі бойынша татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жиынды облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев қысқаша сөз сөйлеп ашты. Дөңгелек үстел аясында облыс бойынша «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестік өкілдігінің медиаторы Сәуле Сидахметова, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Марина Зайнуллина, облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Мария Шарипова, облыстық сот судьясы Бақытжамал Алматованың  баяндамалары тыңдалды. Күн тәртібінде жылжымайтын мүлікпен мәмілелер және медиативтік келісім, жаңа кодекстегі татуластыру рәсімдері бойынша жаңашылдықтар, бітімгершілік келісімі, дауды бейбіт жолмен реттеу – азаматтық сот өндірісінің жаңа талабы сынды өзекті мәселелер талқыланды. Шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, судьялар медиаторлар мен қорғаушылардың сұрақтарына жауап берді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.