• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Ақпан, 2016

Елбасы Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

212 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 ақпан. Елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Жеделхатта Ресей Федерациясының Коми Республикасындағы «Северная» шахтасында болған жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтастығын білдірді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.