• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Ақпан, 2016

Оралдық құтқарушылар Алғыс айту күнін айрықша атап өтті

372 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 29 ақпан. Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар шеңберінде екі мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына атаулы көмек көрсетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұлдардың анасы балаларды оқыту үшін Орал қаласында жалға алынған пәтерде тұруға мәжбүр. Себебі, үлкені Айқын №15 көмекші мектебінде оқса, кішісі Айбек мүгедек балаларға және қатты психикалық-неврологиялық аурулармен ауыратын науқастарға арналған «Шапағат» оңалту орталығына барады. Құтқарушылар қамкөңіл отбасыға теледидар және үтік сыйлады. Өздеріне көңіл бөліп, қайырымдылық танытқан департамент қызметкерлеріне алғысын жаудырған ұлдардың анасы Нұргүл Берденова: «Әлемде ауру балаларға көмек көрсететін адамдардың қалғандығын сезінудің өзі ерекше әсерге бөлейді екен. Біз құтқарушыларға артық сөзсіз нағыз ерлерге тән көмек көрсеткендері үшін шын алғысымызды білдіреміз», – деді. Темір Құсайын. Дерек, сурет: Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз қызметі.