• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Қазақстан халқы Ассамблеясы

313 рет
көрсетілді

ұсынған депутаттыққа кандидаттар тіркелуге қажетті құжаттарды тапсырды Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынды. 26 ақпанда «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конс­титуциялық заңының 87-бабына және «Қазақстан хал­қы Ассам­блеясы туралы» Қазақстан Рес­публикасы Заңы­ның 10-бабына сәйкес ҚХА Ке­ңесі Қазақстан хал­қы Ас­самблеясы сайлайтын Қазақстан Рес­публикасы Пар­ламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кан­дидат – Сауыт­бек Абдрах­манов, Вла­димир Карпо­вич Божко, Наталья Василье­в­на Жұмаділдаева, Роман Уке­но­вич Ким, Наринэ Гамле­товна Микаелян, Ахмед Сейдарах­ма­нович Мурадов, Шаймардан Усаи­нович Нұрумов, Юрий Ев­ге­ниевич Тимощенко және Ша­кир Хусайнович Хахазовты ұсынған еді. Кеше еліміздің сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қа­зақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісінің депу­таттығына Ассамблея Кеңе­сі ұсынған кандидаттар Орта­лық сайлау комиссиясына тір­кеу үшін қажетті мына­дай құжаттарды ұсынды: Ас­самблея Кеңесінің депу­тат­тыққа кандидаттарды ұсы­ну туралы хаттамасынан үзін­ді көшірме, депутаттыққа кан­дидат болып дауысқа тү­суге келісім беру туралы өтініш, Қазақстан халқы Ас­самблеясының Кеңесі ұсын­ған әрбір адам туралы өмір­баяндық деректер, салық ор­га­нының Қазақстан халқы Ас­самблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттардың жә­не олардың жұбайларының та­бысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалары. 2016 жылғы 21 наурызға тағай­ын­далған Қазақстан халқы Ассамблеясы сай­лайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарын кезек­тен тыс сай­лау­ды әзірлеу мен өткізу жө­нін­дегі негізгі іс-шаралар­дың күн­тізбелік жоспарына сәйкес, Қазақ­стан халқы Ассам­блеясы ұсынған Қазақ­­стан Республикасы Парла­мен­ті Мәжі­лісінің депутат­тығына кандидаттарды тіркеу 2016 жылғы 29 ақпан – 5 нау­рыз аралығындағы кезеңде жүргізіледі. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.