• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Озық тәжірибе табысқа бастайды

238 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев таяу­да Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі лауазы­мына тағайындалған Ато Браунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Тараптар Дүниежүзілік банктің қолдауымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаларды, сондай-ақ, біздің еліміздің «Doing Business» рейтингіндегі позициясын жақсарту жөніндегі реформаларды талқылады. Бақытжан Сағынтаев келіс­сөз­дер барысында Қазақстанды Дү­ниежүзілік банктің «Enabling the Business of Agriculture» («Агробизнесті дамыту») есебіне қосу­ды ұсынды. Зерттеу нәтижелері Үкімет­ке талдау жасауға және ауыл шаруа­шылығында бизнес жүр­гізу үшін орын алып отырған әкім­шілік кедергілерді қысқар­туға, шетелдердің табысты тәжіри­белерін ескере отырып, тәуелсіз сарап­шылар ұсынымдары негізінде АӨК-ті дамытудың қазіргі бар бағдарламаларына өзгерістер енгізуге, ауыл шаруашылығын қолдау­ға бағытталған бюджет қаржы­ларын неғұрлым тиімді пайда­лануға жағдай жасайды. Оның сыртында өңірлердегі отан­дық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге қолдау жасау жө­ніндегі орталық және жергілікті атқару органдарының жұмыстарына баға беруге мүмкіндік туғызады. Алғашқы «Enabling the Business of Agriculture» есебі 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланды. Онда 40 елдің 10 тақырыптық бағыттары бойынша реттеушілік тетіктеріне талдаулар жасалған.