• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

5 медаль

282 рет
көрсетілді

Көкшетаулық жас бишілердің үш жұбы Ресейдегі Самара облысы губернаторының «Жемчужина Поволжья» спорттық би кубогын сарапқа салу жарысына қатысып, 3 алтын және 2 қола медальді жеңіп алды. Халықаралық деңгейдегі жарысқа 1100 жас спортшы қатысса, олардың өнеріне Ресей, Латвия, Словения, Польшадан келген 100 төреші баға берді. Биыл 14-ші рет сарапқа салынып отырған үш күн­дік губернатор кубогы бәсекесі екі бөлімнен тұра­ды. «Спорттық-көп­шілік шаралары» аталатын бірінші топта бүлдіршін бишілер сын­ға түссе, «Жоғары спорт­тық жетістіктер» ата­лымындағы екінші бөлімде жалпыресейлік рейтинг деңгейіндегі спортшылар арнайы жүлдені сарапқа салды. Тартысты бәсекеде жар­­тылай финал мен фи­налға шыққан саңлақтар еуропалық баяу вальс пен фокстрот, танго, Ве­на валь­сі және латын аме­ри­калық самбо, ча-ча-ча, румба, пасодобль, джайв билерін орындады. Мұнда Көкшетаудағы Эльмира Шарипованың жетекшілігіндегі «Реверанс» спорттық-би клубының мүшелері тамаша көрсеткіштерге жетті. Атап айтқанда, «Ювеналы» аталымы бойынша Абай Зейнолла мен Дарья Никифирова ең үздік көрсеткішті иемденді. Сондай-ақ, Владислав Максин мен Меруерт Ермекова, Нұрбек Сұлтанов пен Алина Бондаренко жұптары І орынға көтерілсе, Богдан Ручка мен Далида Тсенова қола медальді жеңіп алды. Ал «Жастар» тобында өнер көрсеткен Дмитрий Шувалов пен Мәдина Аманжолова қола медальмен марапатталды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.
Соңғы жаңалықтар