• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Жаңарудың жаңа кезеңі

425 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы кітапха­на­сында Алғыс айту күніне арналған шараға қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев 1 нау­рыз тағы бір тарихи сәт – «Нұр Отан» партиясының құ­рыл­ған күні екенін атап өтті. Бұл орайда, Мемлекет басшысы: «Мен баршаңызды осы айшықты күнмен құттық­таймын. «Нұр Отан» 17 жылда үл­кен жолды жүріп өтті. Біздің партиямыздың саяси көш­басшылығы барлық қазақстан­дық мақтан тұтатын нақты же­тістіктерге айналды. Қазір партия алдында айрықша маңызды міндеттер тұр. Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мен қолжетімді баспана, жол, электр стансаларының құрылыстарына, әрбір кент­тегі нысандарды жөндеу жұмыс­тарына елеулі қаражат бөлу туралы мәлімдедім. Осының бәрі адамдар үшін жасалуда, олар жұмысқа тартылады. Осы қызметтің бәрін «Нұр Отан» жүргізетін болады. Әр­бір қазақстандықтың игілігіне ба­ғыт­талған, жүргізіліп жатқан реформалар мен бағдарламалардың мәнін әрбір адамға түсіндіре аламыз деп үміттенемін», – деді. Қазақстан Президенті қазір «Нұр Отан» партиясы Мә­жі­ліс сайлауы бойынша сай­лау науқанын жүргізіп жатқа­нына назар аударды. «Бұл – мемлекеттің баршаны ұйысты­рып, Қазақстанымыздың өркен­деуіне жұмылдырып отырған нағыз басты саяси күші екеніне сенімдімін. Сайлау науқаны аясында тек үгіт-насихат қана емес, тұғырнаманы таныстыру да жүріп жатыр. Партияның өзі жаңа­рып, жаңа жақтастармен толы­ғуда. Біздің қатарымызға Қазақ­станның жаңа азаматтары қосылып отырғанының мәні зор», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті рәсім барысында «Нұр Отанның» жаңа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев олардың бәрін өмір жолындағы жаңа кезеңдерімен құттықтап, мықты денсаулық пен игілік тіледі. «Бұл – Сіздер үшін саяси саладағы жаңа жолдың басы. Сіздер халықтың игілігіне бағытталған партияның идеялары мен ой-тұжырымдарын жеткізушілер боласыздар. Сіздер өз энтузиазмдарыңызбен және өз халқыңызға пайдасын тигізуге деген ниеттеріңізбен адамдардың жүрегіне жігер беруге тиіссіздер. Бүгін партияға түрлі этностардың өкілдері кіріп отырғанының да терең символдық мәні бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» барлық белсенділерін еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тың табыстармен және жасампаз өзгерістермен қарсы алуға шақырды. «Ең алдымен «шағын істер» – әрбір қала мен ауылды, жолдарды, мәдениет нысандарын абаттандыру жайын есте ұстау керек. Әрбір елді мекен жұмыс пен демалыс үшін таза, жайлы бола түсуі тиіс. 25 жылдық мереке дегеніміз осы. Барлық қала мен елді мекендерде аумақты тазарту мен көгалдандыру, балалар үйлеріне, егде адамдарға, мұқтаж жандарға көмектесу жұмыстары жүргізілуі керек», – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бұдан бес жыл бұрын, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы белесінде «Ауылды көркейту – Қазақстанды көркейту» жобасы іске асырылғанын еске салды және биыл да бүкіл елде дәл сондай патриоттық акция өткізуге шақырды. «Еліміз халқының жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бүгінде біздің бүкіл табысымыздың қозғаушы күшіне айналатын елдің аграрлық секторын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Мұны «Нұр Отанға» және партияның әрбір мүшесіне менің тікелей тапсырмам деп санаңыздар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан кейін Қазақстан Пре­зиденті Наурыз мейрамы қар­саңында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлаулары өтетініне, биліктің бүкіл өкілді тармағы қайта сайланатынына назар аударды. «Мен барша қазақстандыққа алдағы сайлау біздің жаңаруымыздың, алда тұрған барлық міндеттеріміздің орындалуының жаңа кезеңінің басы болуына тілектестігімді білдіргім келеді», – деді Мемлекет басшысы. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». «Нұр Отан» партиясының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.Тапсырыс беруші: Ф.Ш.Қуанғанов.