• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Кеншілер қолдан құрастырған алып «БелАЗ»

423 рет
көрсетілді

Шығысқазақстандық кен­шілер әлемдегі ең үлкен жүк көлігі «БелАЗ» машинасын қолдан құрастырып шықты. Ауыр жүк көлігі өңірдегі Ба­қыр­шық тау-кен байыту кәсіпорнына қарасты кен орын­­дарының бірінде пайдала­нылады. Өскеменге аталған ауыр жүк көлігінің бөлшектері төрт теміржол платформасы ар­қылы жеткізілді. Оны құрас­тырудың өзі екі жарым аптаға созылды. Әрине, автозауыт­тарға бұл үйреншікті жұмыс болса, кеншілер үшін түп-тамырымен жаңа іс. Қараған жанға бүкіл жұмыс үдерісі ЛЕГО құрастырмасын еске салады. Алайда, бұл ойыншық емес, атан түйеге жүк боларлық ауыр бөлшектер ғой! Мәселен, дөңгелектің диаметрі 3 метрден асса, кейбір автобөлшектер 10 тоннадан да артық салмаққа ие. Көлемі зәулім үйдей жүк көлігінің өзі 135 тоннаға тең. – Бір жүк көлігін құрас­тыруға орта есеппен 2,5 апта жұмсалса, 10 шақты күн­де қораптағы дәнекерлер жұмыс­тары аяқталып, 3 аптадан кейін толығымен дайын болады. Көлікті 100 сағаттық жүргізіп тексеруден кейін пайдалана беруге болады, – дейді тау-кен байыту кәсіпорнының бас директоры Юрий Овчинников. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы.