• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы № 469-V ҚРЗ

210 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы 1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 – 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VII, 164-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2016 жыл – 2 880 000 000 мың теңге;». 2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 5 наурыз. № 469-V ҚРЗ