• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2016

Ел бірлігі – ең асыл қасиет

313 рет
көрсетілді

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бір­лес­тіктерінің жетекшілері және ҚХА мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаттығына өздері ұсынған кандидаттармен кездесті. Ассамблеядан депутаттыққа кан­­дидат 9 адамды Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының мүшелері жылы шырай­мен қарсы алды. Кездесудің алдын­да V шақырылған Парламент Мәжі­лісінің депутаты, жаңа Мә­жілістің құрамына кандидат Ахмед Мурадовты әңгімеге тартқан едік. – Ең алдымен «Егемен Қазақ­стан» республикалық газеті» АҚ-тың тіл­шісі арқылы газеттің барша ұжы­мын басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депу­таттығына кандидат болып түсіп жатқанымен құттықтаймын, – деген Ахмед Сейдарахманұлы ойын бы­лай сабақтады. – Бұл оқиғаны біз Ассамблеяның бір жетістігі деп санаймыз. Біздің Сәкең секілді тәжі­ри­белі, дайындығы зор азаматтар Мәжілістің құрамын саяси тұрғыдан нығайтып қана қоймай, беделін арттырады деп сенемін. Ассамблея «то­ғыздығының» қатарында жүрген үш кандидат – біздер, өткен сайлаудың депутаттарымыз. Кездесу депутаттыққа канди­дат­тардың болашақ бағдарламаларын қысқаша тұжырыммен талқыға ұсынуымен басталды. «Қазақстан Рес­публикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңға және «Қа­зақстан халқы Ассамблеясы тура­лы» Заңға сәйкес, 2016 жылғы 26 ақпанда Қазақстан халқы Ассам­блеясының Кеңесі Парламент Мәжі­лісіне депутаттыққа Қазақстан хал­қы Ассамблеясынан сайланатын кан­дидаттар – «Егемен Қазақстан» рес­публикалық газеті» АҚ прези­денті Сауытбек Абдрахманов, Ішкі істер министрінің орынбасары, «Орыс, славян және казак ұйымдары қауым­дастығы» ҚБ төрағасының орын­басары Владимир Божко, Қы­зылорда қаласы Оқушылар мен жас­өспірімдер үйінің директоры Наталья Жұмаділдаева, «Қазақстан корей­лері қауымдастығы» ҚБ төра­ғасы, V шақырылған Парламент Мә­жілісінің депутаты Роман Ким, Алматы қаласындағы «Луйс» армян мәдениеті орталығы» ҚБ төрайымы Наринэ Микаелян, «Вайнах» чешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ҚБ-ның тең төрағасы, V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмед Мурадов, «Қазақстан ұйғыр­лары республикалық этно­мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Шаймардан Нурумов, «Рада украинцев Казахстана» ҚБ төрағасы, V ша­қырылған Парламент Мәжі­лісінің депутаты Юрий Тимощенко, «Дүнген этномәдени орта­лық­тары­ның қауымдастығы» ҚБ бас­қарма­сының мүшесі Шакир Хахазов кезе­гімен мінберге көтерілді. Олар­­дың әрқайсысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғаш шаңы­­рақ көтерген 1 наурыздың Прези­дент Жарлығымен биылдан бастап Алғыс айту күніне айнал­ғанын зор ықыласпен атап өтуді ұмыт­пады. Қазақстан үшін ел бірлі­гінің алғашқы орында тұрғаны, «Мәң­гілік Ел», «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары аясында әрбір кандидат болашақта өздері атқарар мін­деттер туралы нақты әңгіме қоз­ғады. Кеңес барысында, әсіресе, ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы жолындағы бүгінгі Қазақ­станның «Бір халық – бір ел – бір тағдыр!» бағдарламасы туралы, Қа­зақстан халқының ынтымағы мен бірлігі, әсіресе, Елбасының Орал­дағы форумда айтқан «Ел бірлігі – ең асыл қасиет!» деген қанатты сөзі жиі қайталанды. Сөз алған Ассамблея мүшелері өз кандидаттарына ертең еліміздегі жоғары заң шығарушы органның мінберінен елдің тұтастығын, ха­лық­тың бірлігін нығайтатын мәселелер көтереді деген аманат артты. Көптеген ҚХА мүшелері кандидаттарды таң­дауда қателеспегенін, оларға жүк­телер зор міндеттің лайықты жүзеге асатынына сенім білдірді. Белгілі ғалым, тарих ғылым­дары­ның докторы Георгий Кан кан­дидат­тарды құттықтау сөзінде былай деді: – Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың төл бастамасы екенін осында отырған бәріміз өте жақсы білеміз. Тарих көші алға жылжыған сайын Қазақстан қоғамы да хал-қадерінше пісіп-жетіліп ке­леді. Сіздер күні ертең жоғары мін­бер­ге шыққанда Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар екендеріңізді, ең бастысы – ұлтты ұйыстыратын бағыттағы жетекші екендеріңізді, сондай-ақ, Елбасымыз айтқан «Мәңгілік Ел» идеясы жарқын болашағымыздың айнасы екенін ұмытпаңыздар. Кеңесті қорытындылаған Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Казбек Мамсуров Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне кандидаттарға табыс тіледі. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.