• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2016

Алты көлікте – бір нөмір

319 рет
көрсетілді

Шымкентте осындай оқиға орын алды Соңғы кездері елімізде автокөлікті бей-берекет жүргізіп, адам қақса, оқиға орнынан ізін суытып кететін, енді бірде тал түсте өздерін тасжолдың бір қожайындары санап, астына мінген темір тұлпарын ерсілі-қарсылы жүргізіп ерекшеленгісі келетін адамдарға қатысты қылмыстық не әкімшілік істердің қозғалып жатқанын көріп жүрміз. Жақында Шымкентте сондай оқиғалардың бірі орын алды. Бұған біз де, жол тәртібінің сақшылары да таңғалған жоқпыз. Ал оқиғаның өзі былай болған. Тепсе темір үзетін бір топ жас бір күнде алты бірдей «Lada Priora» автокөлігіне «031» деген мемлекеттік нөмірді тағып, жолға серуендеуге шығады. Мұны жол сақшылары жастардың YouToube сайтына орналастырған бейнетаспасы арқылы анықтаған. Осыдан кейін оларды полиция қызметкерлері учаскеге шақырып, оқиғаның анық-анығын тексереді. Учаскеде Нұрдәулет есімді жігіт жол ережесін бұзбағанын, тек дос­тарымен көлікті бірдей нөмір тағып жүргізгісі келгенін айтса, по­ли­ция қызметкерлері «Lada Priora» автоиелерін тоқтатуға бар­лық не­гіздерінің болғанын жет­кізді. – Көліктердің барлығы бөлімге әкелінді. Олар жол ережесінің 190-бабының 2-тар­мағын бұзған. Өйткені, көліктерін қайта жаб­дық­таған. Егер жүр­гізушілер кө­шеде адам соқса, оны қатты жара­қат­тайтын еді. Сон­дықтан біз көлік­тердің бәріне айыппұл салуға ш­е­шім қабыл­дадық,– деді жол поли­ция­сының взвод командирі. Полицейлердің айтуынша, енді қаладағы басқа да көліктерге тексеру қатаң түрде жүргізіледі. Ал алты бірдей Ресейдің көлігін жүргізіп, елден ерекшеленіп, мақ­танғысы келген бір топ жасқа айыппұл төлеп қана қоймай, темір тұлпарларын қайта бастан-аяқ жабдықтауға тура келеді. Рүстем ЖҰМАН.