• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2016

«ҚазМұнайГаз» бекеттерінде бензин бағасы арзандады

256 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 наурыз. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Наурыз мейрамы қарсаңында АИ-92 маркасының бір литр бензині 118 теңгеге сатылып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен бірге «ҚазМұнайГаз» бекеттерінде «ҚазМұнайГаз Клуб» картасын пайдаланатын адамдарға жеңілдік жасалып отыр. Бұл жеңілдік 1 наурыздан жасалып келеді. Клубтық карта үш деңгейлі. Яғни, тұтынушы бір айда 150 литрге дейін бензин құйса Standard деңгейін алады. Standard картасында 1 литрге 1 теңге жеңілдік беріледі. Егер 150 литрден 350 литрге дейін бензин алса Silver картасына ие болады. Бұл картаның иесіне 1 литр 2 теңге жеңілдікпен сатылады. Gold деңгейінде тұтынушы бензиннің 1 литрін 3 теңгеге жеңілдікпен алады. Gold картасы айына 350 литр сатып алған адамға беріледі. Дастан Кенжалин. Дерек: «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС. Сурет: egemen.kz