• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2016

Велоспортшы Артем Захаров Олимпиадаға лицензия алды

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 наурыз. Қазақстан велоспорты тағы бір жеңіске жетті. Тректе өтетін жарыстарда омниум қашықтығына қатысатын велоспортшы Артем Захаров Жазғы Олимпия ойындарына лицензияны жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Омниум – велотректегі қашықтық. Бұл жарыстар алты қашықтықта өтеді.  Соңғы екі жылда Артем Захаров халықаралық турнирлер мен жарыстарда осы қашықтықтардың бәрінде үздік нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, ол Азия чемпионаты мен Әлем кубогында көзге түсіп, олимпиялық ТОП-18 рейтингісіне кірді. Сөйтіп, Қазақстан велоспортшылары алғаш рет 2004 жылғы Афина Олимпиадасынан кейін толық тізіммен Бразилияда өтетін дүбірлі додаға қатысатын болады. Естеріңізге сала кетсек, Олимпия ойындарына бірден лицензия берілмейді. Оған жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп, іріктеу жүйесіне іліккен спортшылар ғана барады. Қазір Қазақстан спортшыларында Олимпиаданың 50 лицензиясы бар. Артем Захаров –2013 жылғы Азия чемпионы, Азия кубогының иегері, Әлем кубогының 2013 және 2016 жылғы қола жүлдегері, омниум қашықтары бойынша өткен Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан велосипед спорты федерациясы.