• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2011

Талқыланған тақырып ауқымы кең

576 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Ресей Фе­дера­циясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі. Екі елдің сыртқы саясат ве­дом­стволарының басшылары әңгі­ме­ні жылдың басына тән болып табы­ла­тын дәстүрлі екі жақты қарым-қа­ты­настардың жағдайы мен бола­ша­ғы тақырыбынан бастап, халық­ара­лық күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелерді тал­қыға салды. Тараптар 2010 жылы ын­ты­мақтастықтың оң сипаты көрініс бергенін айта келіп, оның әрі қарай жемісті дамуының негізгі факторы мен кепілі Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің тұрақты байланысы мен достық қа­рым-қатынасы екенін атап көрсетті. Көпжақты ынтымақтастық ая­сында Қ.Саудабаев пен С.Лавров 2010 жылы қараша айында Бакуде өткен Каспий жағалауы елдері басшыларының 3-ші саммитінде қол жеткізілген келісімдердің жү­зеге асу барысын қарастырып, осы бағыттағы нақты қадам­дар­ды белгіледі. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қа­зақстан төрағалық етіп отыр­ған Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы қызметінің мәселелері қарас­ты­рылды. Соның ішінде, осы жыл­дың маусым айына жоспар­ланып отыр­ған Астанада өтетін ұйымның ме­рейтойлық саммитіне дайындықты ұйымдастыру мен оның мазмұндық жағына ерек­ше көңіл бөлінді.