• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2016

«Жасыл» жобаларға жол ашық

482 рет
көрсетілді

Елімізде әлеуметтік нысандарда «жасыл» технологиялар енгізіліп жатыр. Ендігі уақытта бұл мүмкіндікті бизнес барынша белсенді пайдалануы тиіс. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рақым­бекованың айтуынша, бү­гінде «жасыл экономиканы» дамытуға халықаралық дең­гейдегі ұйымдар барынша қолдау білдіруде. «Соңғы 6-7 жылда елі­міз­де БҰҰ-ның Даму бағдар­ла­масының аясында көптеген гранттық жобалар іске асыры­лып жатыр. Үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырып жат­­қан бұл жобалар жақсы тә­жі­рибе. «Жасыл» жобалар әлеу­меттік сала нысандарында қол­ға алынуда. Бүгінде энергия үнемдейтін терезелер, ыстық сумен қамтамасыз ететін күн коллекторлары орнатылған мектептер, ауруханалар көп. Электр энер­гиясын тарататын панельдер, жылу беретін пештер бар. Осы технологияларды пайдалану коммуналдық қызметтердің төлемақысын үнем­деуге мүмкіндік береді. Осы мүм­кіндікті бизнес пай­далануы тиіс», деді С.Ра­қым­бекова. Оның айтуынша, бизнес-нысандарда қазіргі уақытта «жасыл» технология­ларды енгізген аса тиімді. «Қаңтар айында Инвес­ти­циялар және даму ми­нистрлігі энергия-сервистік ком­­па­ния­ларды дамытуды қол­дайтын құжат қабыл­да­ды. Бұл ком­па­ниялардың міндеті ны­сан­дарға энергиялық тиімді тех­но­логияларды ұсыну болып табылады. Бизнеске де, әлеуметтік нысандарға да қо­лай­лы болу үшін коалиция Энер­гетика министрлігімен бір­лесіп, өткен жылдан баста­п Қа­зақ­стандағы «жасыл» ком­­па­­ния­лардың тізбе­сін жүргі­зеді», деп атап өтті С.Ра­қым­бекова. Өзіміз білетіндей, «Жасыл» экономика бойынша БҰҰ бас­тамасы 2008 жылы қаржы-эко­номикалық дағдарысқа жауап ретінде бастау алып, БҰҰ Бас хатшысы және БҰҰ жүйесі бас­шыларының Үйлестіру кеңесі ұсынған тоғыз Бірлескен дағ­дарыс бастамасының бірі болды. Сонымен бірге, басқа да бірқатар терминдер, мысалға «жасыл өсім» немесе «экономиканы көгалдандыру» сияқты өзара алмастыратын терминдер ретінде пайдаланылып, кеңінен таралған. «Жасыл» экономика бағыты біздің елде де қарқынды қолға алынуда. Айталық, «Қа­зақ­стан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол­дауында Елбасы төмен көмір­текті эконо­ми­каға көшуді жеделдетуге, да­му­дың «жасыл жолына» шығуға ша­қырған болатын. Бұған еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар да барынша атсалысуда. Осыған орай Қазақстанда «жасыл» экономика тақырыбында БАҚ арасында «Ж­асыл БАҚ» атты байқау өтпек. Бұл туралы да кешегі баспасөз мәслихатында мәлім болды. «Біз бұқаралық ақпарат құрал­дары арасында «Жасыл БАҚ» атты байқау өткізгіміз келеді. Ол төрт аталымнан: үздік телесюжет, үздік бағ­дарлама, үздік мақала және интернеттегі ең үздік материалдан тұрады. Шамамен жаз айларында байқауды жария етеміз, кейін форум ұйымдастырып, сонда жеңімпаздарды марапаттаймыз», деді С.Рахымбекова. Оның сөзіне қарағанда, байқау БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырылмақ. «Біз бұл жобаны БҰҰ Даму бағ­дарламасымен пысықтап жатыр­мыз. Қазіргі уақытта бай­қау­дың қарары жасалуда. Кейін мате­риалдардың көлемі, конкурстық комиссия құрамы, материалдарға қойылатын талаптар анықталатын болады. Осы байқау арқылы біз Қазақстанда «жасыл» жобалар мен технологиялардың дамуына қолдау көрсеткіміз келеді», деді С.Рахымбекова. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».