«Қазмедиа» орталығындағы «Хабар» телеарнасында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына партиялық тізімін ұсынған саяси партиялар арасында телепікірсайыс ұйымдастырылды.
Оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, Қазақстанның «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстанның Коммунистік халық партиясының құрметті хатшысы Владислав Косарев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілі Зәуреш Батталова және «Бірлік» партиясының мүшесі Роза Қуанышева қатысты.
Пікірсайыс 3 раунд бойынша өтті. Алғашқы раунд «Әлемдік экономиканың нақтылығы: проблемалары мен перспективалары», екінші раунд «Қазіргі жағдайдағы инфрақұрылым, көлік, логистика» деп аталды. Ал үшінші раундта пікірсайысқа қатысушы партиялардың өкілдері өз сайлаушыларына үндеу арнады.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».