• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2016

Саяси партиялардың сайлауалды үгіті

418 рет
көрсетілді

бұқаралық ақпарат құралдарында қалай көрініс табуда? Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­мис­сиясының мүшесі Марат Сәрсембаев сайлау науқанының барысын және саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітін жария ету жөніндегі БАҚ материалдарына мониторингтің алдын ала қорытындылары туралы айтып берді. «Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы сайлау туралы» Консти­туциялық заңның 28-бабы 2-тармағына сәйкес, партия­лық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін бұқаралық ақ­парат құралдарына тең жағдайда қол жеткізуге кепілдік беріледі. Сонымен қатар, БАҚ саяси партиялардың сайлау науқанын әділ жария етуді жүзеге асыруға міндетті. Аталған нормалардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Орт­сайлауком Қазақстан Респуб­ликасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарының ағымдағы сайлау науқанына қатысты материалдарына мониторингті жүзеге асыруда. «Мониторинг 48 республи­калық газетті, 15 журналды, 16 республикалық телеарнаны, 12 радиоарнаны, 174 өңірлік газетті, 31 өңірлік телеарнаны және 162 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды, – деді М.Сәрсембаев осы жөнінде. – 2016 жылғы 20 қаңтардан бас­тап 19 ақпанға дейінгі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы сайлау тақырыбы бо­йынша, сондай-ақ, партиялар мен пар­тиялық тізімдерден кандидат­тардың сайлау тұрғысындағы қызметіне қатысты 13 898 материал жарияланды. Олардың ішінде республикалық телеарналардың эфирінде 3 757 сюжет, респуб­ликалық мерзімді басылымдарда – 1 154 жарияланым, өңірлік БАҚ-тарда – 3 924 материал, интернет-ресурстарда – 5 063 материал, әлеуметтік медиаларда – 1 441 мағыналы жазба бар. Сайлауға қатысушы саяси партиялардың үгіт науқаны басталған кезеңнен, яғни 20 ақпаннан бастап 14 наурызға дейін БАҚ-тарда сайлау тақырыбы бойынша 8 769 материал, олардың ішінде 7 060 материал республикалық және 2 709 материал өңірлік БАҚ-тарда жарияланды». Бұдан соң ОСК мүшесі партия­лардың қанша ақпараттық материалдары жарық көргеніне тоқталды. Оның атап өткеніндей, мониторинг деректеріне сәйкес, үгіт науқаны басталғаннан БАҚ-тарда 1 432 ақпараттық материал «Нұр Отан» партиясының қызметі туралы, 1 156 материал ҚКХП-ның, 1 261 материал «Ақ жол» ҚДП-ның, 1 114 материал «Бірлік» СП-ның, 1 144 материал ЖСДП-ның, 1 133 материал «Ауыл» ХДПП-ның қызметі жөнінде жарияланған. «Сайлауға қатысушы саяси партиялардың қызметі туралы ақпараттық материалдардың көлеміне қатыс­ты айтар болсақ, «Нұр Отан» пар­тия­сының қызметі туралы материал­дар республикалық бас­па басы­лымдарындағы сайлауға қатысу­шы саяси партиялардың қызметі туралы материалдардың жалпы ау­мағының 20%-ын алады, – деді М.Сәрсембаев. – ҚКХП-ның қыз­меті туралы материалдар – 19%, «Ақ жол» ҚДП туралы – 15%, «Бір­лік» СП туралы – 14 %, ЖСДП тура­лы – 18%, «Ауыл» ХДПП туралы 14 пайызды құрайды». Осындай көрініс респуб­лика­лық теледидар арналарының эфир уақытының мөлшерін бөлуге қатысты да байқалады. ОСК мүше­сінің айтуынша, «Нұр Отан» партиясының қызметі жөніндегі мате­риалдар сайлауға қатысушы саяси партиялардың қызметіне қатыс­ты сюжеттердің жалпы уақыты­ның 16%-ын алады. ҚКХП туралы материалдар – 17%, «Ақ жол» ҚДП жөнінде – 17%, «Бірлік» СП туралы – 17%, ЖСДП туралы – 16% және «Ауыл» ХДПП-ның қыз­меті туралы 17%-ды алады. Ал радиода «Нұр Отан» партия­сының қызметі туралы ақпараттық сюжеттердің үлесі 23%-ды, ҚКХП – 16%, «Ақ жол» ҚДП – 15%, «Бір­лік» СП – 16%, ЖСДП – 14%, «Ауыл» ХДПП-ның қызметі ту­ралы ма­териалдар 16%-ды құрайды. Салыстырмалы осындай дерек­терді республикалық интернет-ресурстар материалдарының мөл­шерін талдау да көрсетіп отыр. «Үгіт науқаны басталғаннан бері неғұрлым танымал интернет-ресурстардағы «Нұр Отан» партиясы туралы материалдардың үлесі 20%-ды, ҚКХП – 17%, «Ақ жол» ҚДП – 15%, «Бірлік» СП – 15%, ЖСДП – 18% және «Ауыл» ХДПП 15%-ды құрады, – деді М.Сәрсембаев әрі қарай. – Сая­си партиялардың сайлауалды қыз­метін жария ету жөніндегі ақпараттық жұмыстан басқа, 2016 жылғы 20 ақпаннан БАҚ-тар­да олардың сайлау қорларынан төле­нетін үгіт материалдары да орналас­тырылды. Атап айт­қанда, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газет­терінде 2016 жылғы 20 ақпаннан сайлауға қатысушы барлық сая­си партиялардың сайлауалды бағ­дарламалары жарияланды». ОСК мүшесі нақтылап бергендей, ақысы сайлау қорлары қара­жатынан төленген үгіт материал­дарының саны мен көлемі партиялардың ұйымдас­тырушылық және қаржылық ресурстарына байланысты. Ақысы сайлау қорының қаражатынан төлен­ген үгіт материалдарын бұқара­лық ақпарат құралдарында «Нұр Отан» партиясының сайлау шта­бы неғұрлым белсенді орналас­тыруда. Үгіт науқаны бастал­ғаннан бері бұл партияның осын­дай 1 552 үгіт материалы жария­ланды және эфирге шықты. Сон­дай-ақ, ҚКХП-ның – 303 материалы, «Ақ жолдың» – 398 материалы, «Бірліктің» – 187 материалы, ЖСДП-ның – 99 материалы, «Ауылдың» 295 материалы жарық көрген. «Мониторингтің осы нәти­желері қазақстандық БАҚ-тарда сайлауға қатысушы партиялардың қызметін тең жағдайларда және салыстырмалы көлемде жария етілуде екенін көрсетеді, – деді М.Сәрсембаев сөзін қорытындылай келіп. – Партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына еркін және тең қол жеткізуі қамтамасыз етілуде. Сайлау науқанын БАҚ-тарда белсенді және шынайы жария ету сайлаушыларға сайлауға қатысушы саяси партиялардың бағдарламалары, мақсаттары және іс-шаралары туралы толық және сенімді ақпарат алу мүмкіндігін береді». Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».