• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2016

Жастар белсенділігі артып келеді

439 рет
көрсетілді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың облыстық бөлім­шесі жергілікті шағын және орта бизнес субъектілеріне жүйелі де­меу­қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылғаннан бері бес жүзге жу­ық жоба игерілген. Оларға жұм­салған қаржы мөлшері 47 миллиард теңгені құрайды. Бөлімше директоры Мереке Сыздықовтың айтуынша, соңғы төрт жыл аралығында кәсіпкерлер 3 миллиард теңге несиені жарат­қан. Агроөнеркәсіп кешені, өңдеу, қайта өңдеу, орман ісі, балық өсі­ру салаларына басымдық бе­­­рілген. Ірі жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысқан құ­рылымдарға биыл да үлкен сенім білдіріліп отыр. Олардың қатарына «DEZ», «Таткрафт-Инвест», «Рим-КазАгро», «Әділ Құс» секілді се­рік­тестіктерді жат­қызуға болады. Бұлармен 70-ке тарта келісімшарт жасалып, ке­пілдік сомасы 1 миллиард теңгеге жуықтаған. Кәсіп­керліктің әліппесін жаңа бастап, қыр-сырын енді игерген жандар да назардан тыс қалмайды. Олар семинарларда білімдерін жетілдіріп, арнайы нұсқаулықтар алады. Былтыр демеуқаржыландыру бойынша 10 миллиард теңгенің 120 келісімшарты жасалса, биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дарламасына қатысушылардың санын молайту басты бағдар етіл­ген. Бұл мақсат үшін 1,4 миллиард теңге бөлініп, шағын және орта бизнесті ауылдық жерлерде кеңінен өрістету жолдары қарастырылған. Жыл басынан бері 700-ге жуық адамға бір мыңнан астам қызмет түрлері көр­сетілгенін ескерсек, кәсіпкерлік көкжиегінің кеңейе түсері еш күмән тудырмайды. Бұл салаға жас­тар жағы ерекше қы­зығушылық танытуда. Тіркеуге алынған 124 жеке кәсіпкерліктің басым бөлігі жастарға тиесілі. Айыр­тау ауданында тұратын Вера Сухова 2,5 мил­лион теңге көлемінде қай­тарымсыз грант алып, өз ісін дөң­гелетіп әкеткен. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мем­лекеттік университеттің бас­тамашыл студенттері де «Даму» кәіспкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың жергілікті филиалымен ынтымақтастық меморандумына қол қойып, жаңашылдыққа бет бұрып отыр. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.