• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2011

Шарындағы «Қызыл су» әбігері

619 рет
көрсетілді

Жетісу жерінде де қыс қа­һары ерекше сезілуде. Қаң­тардың алғашқы аптасындағы  суық жұртты қысып, аяз 30 градусқа дейін жетті. Аптаның басында күннің ызғары сынып, оңтүстік аймаққа жылы ауа жеткендей болды. Соның әсе­рі­нен бе, Ұйғыр ауданындағы Шарын елді мекеніндегі атал­ған өзендегі «қызыл су» жа­ғалауға жақын орналасқан 50 үйдің ауласына кіріп, алаң­дататын оқиға орын алды. Мәселеге  орай облыстық тө­тен­ше жағдайлар департаменті және апаттық құтқару жұ­мыстары қызметі мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметінің бас маманы Айдос Оңғаровпен хабарласқанда ол төмендегі жағдайларды жеткізді. 10 қаңтар күні сағат 18-ден асқанда Шонжы ауы­лын­дағы №10 өрт сөндіру бөліміне шұғыл хабар түскен. Онда Шарын өзеніндегі мұз үстіне  көтерілген су 15-20 сантиметр биіктікте үйлердің аула­ларына жайылғаны айтыл­ған. Оқиға орын алған жерге аудан әкімі мен жауапты сала мамандары барып, жағдаймен танысып, тұрғындардың зардап шекпеуі үшін жұмыс жүргізді. 200-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.     Сейсенбі күнгі жағдай бойынша, 250 үйдің ауласына су жайылып, 350 адам осындағы екі мектеп пен туған-туыстарының үйлеріне орналас­тырылды. Құтқару жұмыс­та­рына төтенше жағдайлар сала­сының 36 адам мен тұрғындар есебінен 250 адам тартылып, олар үй мүліктерін су астында қал­дырмауға байланысты құт­қару ша­раларымен айналысуда. Ша­рын ауылын 5950 халық мекендейді. «Қызыл судан» зардап шеккендер тіркелмеген. Об­лыс­тық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департаменттің мәліме­тін­ше,  өзен арнасын бұрып, тосқауыл қоюға  техника мен адам күші жеткілікті жұмыл­дырылған. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.