Кеше, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Лаура Галстянмен кездесті.
В.Фоос кездесуге қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ, бірқатар сұрақтарға жауап қайтарды. Ал Л.Галстян сайлау заңнамасының партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу тәртібін, саяси партиялардың сайлауалды үгітін қаржыландыруды реттейтін жекелеген ережелерімен егжей-тегжейлі танысуға қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Л.Галстян шақыру үшін ризашылығын білдіріп, сайлаудың ойдағыдай өтуіне тілектестік білдірді. «Біз Астана қаласының бірқатар сайлау учаскелеріне баруды, осындай маңызды сайлауды өткізу үшін Конституцияға және республиканың сайлау заңнамасына сәйкес жасалған жағдайлармен танысуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.
Суреттерді түсірген
Ерлан ОМАРОВ.