• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы № 320-ө

592 рет
көрсетілді

2010 жылғы 27 қыркүйек, Астана қаласы Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Жұмыспен қамту және көші-қон департаменті (Д.Р. Арғындықов)  осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр  Г.Әбдіқалықова. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі _________________ Ә.Исекешев. 2010 жылғы «     » __________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі __________________ С.Мыңбаев. 2010 жылғы «     » ___________ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 320-ө бұйрығымен бекітілген Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесі 1.  Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді. 2. Әдістеме келісімшарт бойынша жер қойнауларын пай­даланушылардың міндеттемелерді орындауының мониторингін және бақылауын жүзеге асыру мақсаттары үшін жер қойнауларын пайдалануға арналған келісімшарттарда  кадр­лардағы қазақстандық қамтуды есептеуге, сондай-ақ өтінім берушілердің жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық ұсыныстарды даярлауына арналған. 3. Қазақстандық қамту кадрлардағы санаттар бойынша ке­лісімшартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жал­пы санына кадрлардағы қазақстандық қамтудың пайыздық мәнін айқындау негізінде белгіленеді. 4. Қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы мына санаттар бойынша айқындалады: 1) бірінші санат – басқарушы құрам; 2) екінші санат – жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар; 3) үшінші санат – білікті жұмысшылар. Бірінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (не­месе) оператордың ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асы­ратын атқарушы органның құрамына кіретін адамдар, олар­дың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) опе­ратордың жекелеген бағыттағы қызметін басқаруды, құ­рылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мен ба­қылауды қоса жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) оператор лауазымындағы адамдар жатады. Екінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлімшелерін басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесіне тікелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы білімі және жұмыс дағдысы, тәжірибесі бар қызметкерлер жатады. Үшінші санатқа Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4886 тіркелген Қазақстан Рес­публикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 165-ө бұйрығымен бекітілген  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бір­ыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіп­терінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және бас­шылар­дың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауа­зымда­рының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйым­дар басшы­ларының, мамандарының және басқа да қыз­метшілері лауа­зым­дарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сы­нақ­тау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесіне сәйкес әзірленген және бекітілген жұмысшылардың жұ­мыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анық­тамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгі­ленген кәсіптік талаптарға сәйкес келетін білікті жұ­мысшылар жатады. 5. Тиісті санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту   мына формула бойынша айқындалады: h =              VKC                 x 100% Vo бұл жерде - VKC –        тиісті     санаттағы       қазақстандық       кадрлардың       саны; - Vo – келісімшартты орындауға жұмылдырылған тиісті санаттағы персоналдың жалпы саны. Есептеу мысалы: Екінші санат бойынша қазақстандық кадрларды пайыздық қамтуды есептеу үшін бастапқы деректер: (Vo) – жер қойнауын пайдаланушының екінші санаты бойынша персоналының жалпы саны 1200 адамды құрайды; (VKC) – тиісті санаттағы қазақстандық кадрлардың саны 1000 адам құрайды. Осы санаттағы бойынша қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы: h =              1000                x 100%            = 83% 1200 құрайды.