дүниежүзілік биосфера желісіне қосылды
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесі «Барсакелмес» қорығын дүниежүзілік биосфералық қорықтар қатарына қосты.
Аталған ұйымның хабарлауынша, Барсакелмес биосфералық қорығы Сахарадан Гобиге дейін жалғасатын шөлейтті белдеудің қақ ортасында, Арал теңізінің бассейнінде орналасқан.
– Арал теңізінің аймағы шөлді батпақ жүйелері мен жыл құстарының миграциялық бағыттарын сақтап қалу үшін маңызды аймақ болып табылады. Қорық теңіздің биоалуантүрлілігін сақтау ісінде басты рөл атқарады. Атап өткенде, мұнда 2 мыңға жуық омыртқасыздар, сүтқоректілердің 30 түрі, құстардың 178 түрі және рептилиялардың 20 түрі бар. Қорықтың аумағында сондай-ақ, қазақ көшпенділерінің көне Жібек жолында орналасқан төрт ортағасырлық орталық қоныстанған, – деді ЮНЕСКО ұйымының мамандары.
Айта кетейік, биыл дүниежүзілік қорықтар қатарына әлемдегі 20 тарихи қорық енгізілді. Сондай-ақ, аталған ұйымның мүшелері биосфералық қорықтардың дүниежүзілік желісі жыл сайын жаңа нысандармен толығып отырады.
Жалпы, «Адам және биосфера» бағдарламасы адам мен табиғаттың өзара ықпалдастығын жаһандық оңтайландыруға бағытталған ғылыми үкіметаралық жоба 70-жылдардың басында құрылған.
Төребек ТҰРМАНОВ.