Алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2016 жылғы
25 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 24 наурыз. №212