• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2016

«Айналайын!» балабақшасы ашылды

460 рет
көрсетілді

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қалаға қарасты «Заречный» елді мекенінде орналасқан «Ай­на­­­­ла­йын!» жекеменшік бала­бақ­­шасы пайдалануға берілді. Бұл балабақшаның құрылысын  қаржыландырған кәсіпкер Нұр­жан Қуатов салған. 50 орындық мектепке дейінгі балалар мекемесінің салтанатты ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Өңір басшысы ата-аналарды қуаныш­ты сәттерімен құттықтап, оның Нау­рыз мерекесі қарсаңында ашы­луын жақсылық жоралғысы ретінде бағалайтынын жеткізді. Ол, сондай-ақ, кәсіпкерлердің қаржыларын халыққа қажетті шаруаға жұмсап, игілікті іс тын­дыруы жөн екенін алға тартты. Халықтың алғысына бөленіп, бата­сын алудан артық бақыт жоқ­тығын атап өтті. Мұнда бүлдіршіндерді тәр­биелеуге барлық жағдай жа­салған. Балабақша аумағы абат­тандырылған, қазірдің өзінде сек­сен түп көшет отырғызылған. Оның өзінің дербес қазандығы мен кір жуатын орны, балалардың ойын алаңы бар. Ғимараттың аумағы мен топ бөлмелерінде онлайнға қосылған бейнебақылау орнатылған. Бағдарламада мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін тереңдете оқыту, хореографиямен айналысу қарастырылған. Басты назар «Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт» бағдарламасына аударылған және ата-аналардың қатысуымен спорттық шаралар өткізілетін болады. Балабақшада 12 адам жұмыс істейді. Сол күні «Оңтүстік-Батыс» тұр­ғын үй кешенінде орналасқан 75 орындық «Kinder JOY» жеке­меншік балабақшасы да салтанатты жағдайда ашылды. Мектепке дейінгі балалар мекемесі осы заманға сай тех­нологиялық және ойын құрал­дарымен жаб­дық­талған. Балалармен жүргізілетін тәрбиелік оқу жұмыстары «Зе­рек» және «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойын­ша ұйымдастырылады. Балабақша басшылығы алдағы уақытта М.Мон­­тессори техноло­гиясы негізінде баланың интел­лек­туал­ды-шығармашылық қабі­летін дамытуға арналған және инно­вациялық технологияларды енгізуді жоспарлап отыр. Жалпы, облыс орталығында халқымыздың ұлық мерекесі Нау­рыздың қарсаңында 670 орынға арналған 10 балабақша ашылды. Осы аталған мектепке дейінгі ме­кемелерде барлығы 150 адам еңбеккке орналасты. Мереке күндері осыншама бала мен олардың ата-анала­ры қуанышқа бөленді. Бұған дейін мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жұмыс істей­тін балабақшалар саны 33 болса, енді олардың қатары 43-ке жетті. Бұл бағыт алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.