• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2016

Полицияның бұрынғы қызметкері сотталды

294 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 29 наурыз. Қалалық сот полициясының бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім шығарып, айыпты деп тапты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полицияның аға лейтенанты Самал Құдабаева қалалық ішкі істер басқармасында қылмыстық істерді тергеу тобының тергеушісі қызметін атқарып жүргенде С. деген азаматшадан 80 мың теңге мөлшерінде алым талап етіп, алаяқтыққа қатысты тергеу амалдарын тоқтату үшін сұраған. Сотта күдіктінін пара талап еткені дәлелденіп, Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-бөлімі бойынша жазаға тартылды. Оның мүлкі тәркіленіп, 1 жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Өмір Есқали. Дерек: облыстық соттың баспасөз қызметі. Сурет: astana.sud.kz.