• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2016

Қоғамдық кеңестің міндеті айқын

304 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының қаулысымен Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалды. Мейрам Пішембаев Семей зоотехникалық-малдәрігерлік инс­титутын бітірген, экономика ғы­лымдарының докторы. 1989-2004 жылдар аралығында «Ақ­су» АҚ басқармасының төраға­сы, Қазақстандағы «Рос­нефть» компаниясының өкіл­ді­гі басқармасының басшысы, «Қаз­мұ­найком» ЖШС-нің ви­це-прези­денті, Павлодар МӨЗ-ін­де «Қазақ­ойл» ҰК» ЖАҚ-тың бас менед­жері қызметтерін атқарды. 2004-2006 жылдары «Қа­зақсельмаш» корпорациясы ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан мәшине жасаушылар одағы» ЗТБ басқармасының төрағасы болды. 2007 жылдан бері Парламент Мәжілісінің депутаты. Айта кетейік, Республикалық кеңестің міндеті – отандық кәсіп­керлікке бәсекелестікті арттыру жө­ніндегі партияның, Ұлттық кәсіп­керлер палатасының, бизнес­тің, қоғамдық бірлестіктер мен меморгандардың күш-жі­герін жұмылдыру. Кеңес тұжы­рым­дамалық ұсыныстарды, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі нақты кәсіби шешімдерді пысықтайтын қо­ғамдық үнқатысу алаңына айналуды көздейді. «Егемен-ақпарат».