Ғалымдар Павлодар облысының аумағынан табылған мүйізтұмсық қаңқасының бұдан шамамен 26 мың жыл бұрын өмір сүрген жануардың қалдығы екенін анықтады. Расы керек, бұған дейін сынын жоғалтқан сол сүйекке қарап, оның 350 мың жыл бұрынғы қаңқа екенін білдірген болатын.
– Мүйізтұмсық қаңқасының бір бөлшегін мұражайға Қожамжар мектебінің биология пәні мұғалімі тапсырды. Егер ауыл ұстазы өздігінен келмегенде, ғалымдар бұл тарихи олжа туралы білмейтін де еді, – дейді Павлодар мемлекеттік педогогикалық институтының мұражай кешені директоры Жарқын Қабдолов. Ол, сондай-ақ, сүйектен көміртек ұзақ уақыт шығатынын, сондықтан оның құрамына қарай қаңқаға қанша жыл екенін анықтауға болатынын айтты.
–Тағы бір айта кетерлігі, мүйізтұмсық табылған жартастағы суреттер бұл жануарлардың адаммен бірге өмір сүргеніне дәлел болады. Бүгінде бұл расталды және де палеонтология саласы үшін таңғаларлық оқиға болып отыр, – дейді мұражай директоры.
Айта кетейік, аталған жануардың портреті әлемнің түкпір-түкпіріндегі палеонтологтар тауып алған қаңқаларға қарап салынған. Сол үшін де ғалымдар жануардың дәл осындай болғанына 100 пайызға кепілдік бере алмайды.
Айтпақшы, эласмотерия табылған жер «Хайруллин жары» деп аталады. Мұндай атау 1988 жылы қалдықтарды тауып алып, мектепке әкелген Құрманғазы Хайруллиннің құрметіне берілген.
Нұрхан НҰРБОЛАТ.