• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2016

Boeing компаниясы 8 мың қызметкерін қысқартады

292 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 наурыз. Әйгілі Boeing авиакомпаниясы 8 мыңға жуық қызметкерін қысқартады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. The Seattle Times басылымының хабарлауынша, Boeing осыған дейін 4 мың қызметкерін жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған, алайда тағы да 4 мың адамды қысқарту жөнінде шешім қабылдады. Олардың арасында жүздеген менеджер мамандары бар. Компанияның мұндай қадамға баруының басты себебі, шығын көлемін азайту. Boeing 1916 жылы құрылған. Штаб-пәтері Иллинойс штатының Чикаго қаласында орналасқан. Әлемдегі әуе, ғарыш және әскери техникалар шығаратын ең ірі компаниялардың бірі. Ал өткен жылғы табыс мөлшері 96 миллиард долларды құрады. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.