Бес реформа – ұлт жоспары
*«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші бағыты мемлекеттік аппаратты кешенді түрде жаңғыртуды қарастырады. Бұл міндетті жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың соңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қабылданды.
* Қазақстан мемлекеттік қызметтің аралас үлгісінен мемлекеттік қызмет жүйесін құрудың мансаптық қағидатына көшті, оның аясында қызметкерлердің құзыреттері мен жекелеген қасиеттері бірінші кезекке шығады, ал мансаптық өсу үшін төменгі лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті.
*Бес институттық реформаның екінші бағыты заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол 19 қадамнан тұрады.
* Ұлт Жоспарында заңның үстемдігі мен құқықтық тәртіп тұтас бір бағытты қамтиды, оның шеңберінде ұсынылған реформалар Қазақстанда қызмет етіп жатқан сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жаңғыртылуын қамтамасыз етуге арналған.
* Заңның үстемдігі бағыты бойынша реформалар Қазақстандағы сот жүйесін неғұрлым кәсібилендіруге, мөлдір әрі ізгілікті етуге бағытталған.
*Отандық судьялардың даярлық деңгейін арттыру мақсатында Сот төрелігі академиясын құру жөнінде шешім қабылданды, академия магистратурасына алғашқы тыңдаушыларды қабылдау 2016 жылдың жазына жоспарланған.
* Бес институттық реформаның үшінші бағыты аса ауқымды бағыт болып табылады және онда 50 қадам қамтылған. Халықаралық нормалармен сәйкестендіруді талап ететін жекелеген қадамдарды ескермегенде, барлық қадамдардың заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету негізінен аяқталды.
* 37-45-қадамдарда ауқымды блок қамтылған, бұл қадамдар салық және кеден саласындағы реформаларды қамтиды. Осы тұрғыда жария ету мәселелері ерекше орын алады. Мүлікті және ақшаны жария ету бойынша заңнама қабылданды, оны іске асыру барысында едәуір өзгерістер енгізіліп, теңдессіз жеңілдіктер мен кепілдіктер белгіленді. Жария ету мерзімі ағымдағы жылдың соңына дейін ұзартылды.
*80-84-қадамдардың іске асырылуы Қазақстанды тіршілікті қамтамасыз етудің әлемдік стандарттарына жақындастырады. Мәселен, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу ауруханалар мен емханалар арасындағы бәсекелестікті арттырып, елімізде жекеменшік медицинаның дамуына жол ашады, сонымен қатар, әрбір азаматтың дәрігерлермен және мемлекетпен қатар өз денсаулығы үшін жауапкершілігін күшейтеді.
* «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының төртінші бағыты шеңберінде қазіргі таңда бес пункт жүзеге асырылу үстінде.
* 2015 жылдың соңында Президент Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекітті. Қоғамдық сананы қайта қалыптастыру және бүкілқазақстандық мәдениетті нығайту тұрғысынан жетекші рөл Қазақстан халқы Ассамблеясына берілді.
*Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бағыты бойынша 10 қадам бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы жүзеге асыру кезеңінде, дайындық жұмыстары жүргізілуде, заңнамалық негіздер жасалған.
*Транспарентті және есеп беретін мемлекет – тұрақтылық пен табысты экономикалық жеңістер кепілі. Транспарентті және есеп беретін мемлекет құру сыбайлас жемқорлықты нығайтып, қазақстандық қоғамдағы азаматтық сананы өзгертеді.
*93-қадамды жүзеге асыру мақсатында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң тексеруші органдардың рөлін, дербес жауапкершілік тетіктерін енгізу арқылы олардың міндеттерін жүйелейді.
* Ашық Үкімет енгізуді қарастыратын 94-қадам да ішінара жүзеге асырылуда.
* Бұл қадам бойынша Ашық Үкіметті қалыптастыру мақсатында қабылданған шаралар кез келген заңға қайшы келмейтін жолмен ақпараттарды еркін алу және тарату жөніндегі әр азаматтың конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
*97-қадам бойынша 2016 жылға белгіленген заңнамалық жұмыстар жоспарына сәйкес іс-шаралар атқарылуда. Бұл мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға беруге, өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға мүмкіндік тудырады.
* 98-қадам аясында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізудің базалық негізі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту бойынша шаралар қабылданды.
* 99-қадам мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейтуді қарастырады. Өткен жылдың соңында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Ол қоғамдық кеңестер қызметінің құрылуы мен ұйымдастырылу тәртібін анықтайды.
* 100-қадам шеңберінде 2016 жылғы 1 наурызда «Үкімет азаматтары үшін» мемлекеттік корпорациясын құру жөніндегі қаулы күшіне енді. Азаматтардың басына туатын өмірлік жағдайларда кешенді қолдау көрсетуге көшу мемлекеттік корпорация жұмысының маңызды қағидатына айналмақ.