2016 жылы 29-30 наурызда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі отырысы өтті.
Емтихан үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде, судьялыққа кандидаттың теориялық дайындығының деңгейі компьютерлік тестілеу шеңберінде тексерілді. Екінші кезеңде, ауызша емтихан барысында кандидаттың өз білімін практикада қолдану қабілеті анықталды, мұнда олар судьялық практиканы модельдейтін практикалық мысалдарды шешті. Ал енді үшінші кезеңде судьялыққа кандидаттың психологиялық портретін айқындау мақсатында психологиялық тестілеу жүргізілді.
Отырыстың қорытындылары бойынша судьялыққа 11 кандидат біліктілік емтиханының үш кезеңінен ойдағыдай өтті.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты.