• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №43 

265 рет
көрсетілді

2014 жылғы 3 қазан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы «Норматівтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Е.ДОСАЕВ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 қазандағы №43 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысындағы олардың қауіпсіздігі саласындағы басшылықты және реттеуді жүзеге асыратын (бұдан әрі – реттелетін сала), салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтары мен нұсқауларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 4. Комитет - ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. 5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар. 7. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды. 8. Комитеттің орналасқан жері – 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8. 9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» мемлекеттік мекемесi. 10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 12. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 13. Комитет: 1) Санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасынан; 2) Эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан; 3) Мониторинг және тәуекелдерді бағалау басқармасынан; 4) Тексерулерді есепке алу және мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасынан; 5) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасынан; 6) Қоғамдық бірлестіктермен және тұтынушылармен өзара іс-қимыл басқармасынан; 7) Заң қызметі басқармасынан; 8) Тілдерді дамыту және құжат айналымы басқармасынан; 9) Экономика және қаржы басқармасынан; 10) Әкімшілік қамтамасыз ету басқармасынан; 11) Зертханалық қызметті дамыту басқармасынан; 12) Техникалық регламенттер талаптары мен санитариялық шаралардың сақталуын бақылау басқармасынан; 13) Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс басқармасынан тұрады. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 14. Міндеті: тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. Функциялары: 1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; 2) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттарымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу; 3) тексерулердің, бақылаудың өзге нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен халықтың кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу; 5) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда, шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу; 7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру; 8) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету; 9) реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың және жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ету; 10) өз құзыретінің шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 11) тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 12) өз құзыретінің шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 13) республиканың аумағын инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 14) жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу; 15) реттелетін салада кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу; 16) өз құзыретінің шегінде зерттеулер мен сынақтар жүргізу; 17) тиісті аумаққа инфекциялық, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларды, экипаждарды, пойыз бригадаларын, көлік құралдарын, халықтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жүктерді санитариялық-карантиндік бақылаудың санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; 18) жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарын тексеруді жүргізу; 19) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 20) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің аумағында мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру; 21) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдарды және бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізетін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алуды жүзеге асыру; 22) тұрғындарға профилактикалық егулердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру; 23) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық белсенді қоспалардың практикаға енгізілуін және олардың қолданылуын бақылауды жүзеге асыру; 24) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; 25) тиісті деректер банкін қалыптастыра отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, есепке алу және статистика жүргізу; 26) инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүргізу; 27) өз қызметінің саласында ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; 28) тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерінің оларды өткізу сатысындағы қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; 29) тағамға биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасын бақылауды жүзеге асыру; 30) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 31) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеу; 32) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 33) радиоактивті заттар мен изотоптар пайдаланылатын рентген жабдығының, аспаптардың және жабдықтардың импортын келісу; 34) есірткі заттары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импортын (экспортын) келісу; 35) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау; 36) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің үлгілерінің сынамаларын алу және іріктеу жүргізу; 37) реттелетін саладағы тұжырымдамаларын, стратегияларын, даму жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу; 38) мемлекеттік органдар қабылдаған реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу; 39) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарымдарды беру; 40) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, лауазымды тұлғаларды, заңды тұлғалардың заңды өкілдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру; 41) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу; 42) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының әлеуетті көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттете отырып, зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін медициналық тексеруге жіберу; 43) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсетімдері бойынша емдеуге жатқызуға жіберу; 44) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету; 45) аурудан еркін немесе аурудың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін айқындау; 46) бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және олардың жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау; 47) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; 48) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында бақылауды жүзеге асыру; 49) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру; 50) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы қабылдау; 51) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру; 52) біліктілік санаттарын бере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу; 53) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргізу; 54) заңнамада көзделген жағдайларда, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау бойынша есептерді қарау, келісу және бекіту; 55) халықты міндетті түрде вакцинациялауды, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету; 56) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу; 57) санитариялық-қорғану аймақтарының көлемін белгілеу және өзгерту; 58) өз құзыретінің шегінде жобаларды мемлекеттік сараптауға қатысу; 59) реттелетін саладағы, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және орындау мәселелері бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; 60) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу; 61) өз құзыретінің шегінде өнімге, тауарларға, процестерге, қызметтерге арналған мемлекеттік және халықаралық стандарттардың жобаларын, жобалау нормаларын келісу; 62) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын балама деп тану; 63) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жазалар қолдану; 64) реттелетін саладағы мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру. 15. Міндеті: тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру. Функциялары: 1) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; 2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүргізу. 16. Міндеті: өз құзыретінің шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Функциялары: ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, оларды министрліктердің актілерінде бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту. 17. Құқықтары мен міндеттері: 1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу; 2) реттелетін саладағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру; 3) аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың негізгі қызмет, республикалық бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру; 4) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну; 5) реттелетін саладағы аумақтық бөлімшелер мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру; 6) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау; 7) өз құзыретінің шегінде консультативтік-кеңесші және сараптау комиссияларын құру; 8) қаржылық есептілікті құрастыру және бухгалтерлік есепті жүргізу; 9) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу; 10) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу; 11) заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту; 12) негізгі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру; 13) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыру; 14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; 15) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу; 16) өз құзыретінің шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; 17) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру 18. Комитетке басшылық етуді Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады. 19. Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады. 20. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады. 21. Комитет төрағасының өкілеттіктері: 1) заңнамаға сәйкес: Комитет төрағасының орынбасарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және көліктегі аумақтық бөлімшелердің бірінші басшыларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін; Министрлікпен келісім бойынша Комитеттің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын; Комитеттің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының бірінші басшыларының орынбсарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады; 2) Министрліктің жауапты хатшысына облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және көліктегі аумақтық бөлімшелердің бірінші басшыларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату, сондай-ақ көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізеді; 3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді; 4) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының орынбасарларын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және көліктегі аумақтық бөлімшелердің басшыларын және олардың орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; 5) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді, сондай-ақ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 6) Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді; 7) Комитеттің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады; 8) өз құзыретінің шегінде бұйрықтарға қол қояды; 9) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін білдіреді; 10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды; 11) Комитет төрағасы орынбасарларының лауазымына тағайындау үшін кандидатураларды ұсынады; 12) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және көліктегі аумақтық бөлімшелер басшыларының қалалардың, аудандардың аумақтық бөлімшелері басшыларын және олардың орынбасарларын тағайындауын келіседі; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады. 22. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделеді. 23. Комитет төрағасы өзінің орынбасарларының, аумақтық бөлімшелер, ұйымдар басшыларының және Комитет қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерін, сондай-ақ тиісті аумақтардағы және көліктегі бас санитариялық дәрігерлерді, олардың орынбасарларын айқындайды. 24. Комитет төрағасының орынбасарлары: 1) өз өкілеттіктерінің шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді; 2) Комитет төрағасы болмаған кезеңде Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады; 3) Комитет төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 25. Комитеттің атынан Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды. 4. Комитеттің мүлкi 26. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады. 27. Комитетке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 28. Комитет өзіне бекітілген мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен билік жүргізуге құқылы емес. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 29. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Комитеттің мынадай аумақтық бөлімшелері бар 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақкөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Аршалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Астрахан аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Атбасар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бұланды аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Егіндікөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Еңбекшілдер аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ерейментау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Есіл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жақсы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 12) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарқайың аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 13) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Зеренді аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 14) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қорғалжын аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 15) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Сандықтау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 16) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Степногор аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 17) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Көкшетау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 18) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Целиноград аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 19) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шортанды аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 20) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бурабай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 21) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. 22) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 23) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әйтеке би аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 24) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 25) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Байғанин аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 26) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ырғыз аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 27) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қарғалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 28) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қобда аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 29) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Мәртөк аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 30) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Мұғалжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 31) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 32) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ойыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 33) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Хромтау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 34) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шалқар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 35) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. 36) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақсу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 37) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алакөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 38) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Балқаш аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 39) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 40) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ескелді аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 41) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жамбыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 42) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 43) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қарасай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 44) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қаратал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 45) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Кербұлақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 46) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Көксу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 47) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Панфилов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 48) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Райымбек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы. 49) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылард