• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2016

Қытайда сотталған қазақстандықтар елге қайтарылды

271 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 сәуір. Қытайда сотталған Қазақстанның екі азаматы елге қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің қолдауымен есірткі контрабандасы үшін түрлі жаза мерзімдері бойынша Қытайда сотталған біздің елдің екі азаматшасы Бейжің қаласынан жеткізілді. Қытай тарапының құзырлы органдары сотталғандарды Қазақстанға беру туралы шешімді 2011 жылдың 22 ақпанындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шартты іске асыру мақсатында және сотталғандардың өтініштері негізінде қабылдады. Берілген тұлғаларға қатысты қытай сотының үкімін тану және орындау туралы кепіл негізінде Қытай Халық Республикасы құзырлы органдарына Қазақстан сотының тиісті қаулылары жолданды. Берілген тұлғалар жазаларының қалған мерзімдерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстанның түзеу мекемелерінде өтейтін болады. Аян Әбдуәли. Дерек: Бас прокуратураның баспасөз қызметі Фото: new.pavlodarnews.kz.