Елбасы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге бұрынғы вице-канцлер, сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жеделхатта мемлекет қайраткері Г.Геншердің бүкіл өмірін Германия халқының бірлігі жолына арнағаны атап өтілген.
«Қазақстан халқы Г.Геншерді екіжақты достық қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан ірі тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Геншердің отбасы мүшелеріне, бүкіл Германия халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.