жасаған әшекей бұйымдар сұранысқа ие
Ағалы-інілі Махровтар – он саусағынан өнер тамған нағыз шеберлер. Олардың Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында жеке шеберханалары бар. Бүгінде ұсталардың қолынан шыққан әшекей бұйымдарды ауылдастары таласа-тармаса сатып алады.
Таяуда Көкшетау қаласында іскер әйелдер форумы өтті. Шараға келген қыз-келіншектер алдымен қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрмеге қатысты. Сонда ағайындылардың қолымен жасалған әшекейлеріне қатты қызығып, тіпті таласа сатып алды.
Сондай-ақ, іскер әйелдер арасында күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдарын ұнатып, сатып алғандар да бар. Әсіресе, нан өнімдерін салатын кәрзеңкеге сұраныс мол болды.
– Біз үшін қолөнер ата кәсібіміз іспеттес. Әкеміз үнемі бізге өзінің білгенін үйретуден жалыққан жоқ. Оның өз шеберханасы болған. Бауырым екеуміз күн сайын әкеміздің жанынан шықпай, әшекей бұйымдарды, басқа да қажетті заттарды қалай жасау керектігін үйрендік, – дейді Николай Махров.
Айта кетейік, ағайындылардың ұстаханасынан шыққан әрбір бұйым жоғары сапаға ие. Сондай-ақ, ақмолалықтар да отандық өнімді қолдау мақсатында осы шеберлердің тауарларын көптеп сатып алуды әдетке айналдырған.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан».