• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Жүректің екінші өмірі

750 рет
көрсетілді

Осыдан бірнеше күн бұ­рын қазақстандық төрт ауыр халдегі адамға донорлық ор­гандарын ауыстыру отасы жасалды. Осы оқиғаға бай­ланысты трансплантолог Талғат Хайдаров пен об­лыстың бас неврологы Мак­шарип Мартазанов «Ақмола медиа орталығында» брифинг өткізді. Журналистермен бас­қосудың Көкшетауда өткі­зі­луінің өзіндік сыры бар еді. Өйт­кені, жүрек талмасына ұшыраған алпыс жастағы қа­ла тұрғынының етжақын туыс­тары трансплантацияға рұқ­сатын берген. Донорлық органдарды алуға астаналық дәрігерлер бригадасы арнайы келген. Ал, тікелей алмастыру Астана қаласындағы онкология және трансплантация орталығында жүзеге асырылыпты. Облыстың бас неврологы Макшарип Мартазанов сырқат­тың ауруханаға өте ауыр жағ­дайда жеткізілгенін айтады. Әрі қарай өмір сүруі мүмкін де емес екен. Әйткенмен, оны бар күш-мүмкіндікті жұмылдырып емдеген. Тіпті, ми жұмысы тоқ­таған кезде де. Енді бұл жү­рек­тің екінші өмірі Алматы қа­ласы тұрғынының кеудесінде жалғасуда. Дәл осындай жағдай 2015 жылдың қыркүйек айында орын алып, Көкшетау қаласы тұрғынының жүрегі алмастырылды. Осындай сәтті тағатсыздана тосқан қыз балаға ота Үндістанда жасалған. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы. Суретте: дәрігер М.Мартазанов.