АСТАНА. 7 сәуір. Жапонияда әскери ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әуеге көтерілгеннен кейін елдің оңтүстік-батысында радардан жоғалып кеткен. Артынша, көп кешікпей U-125 патрульдік ұшағы оңтүстік аймақта таудан табылды.
Kudo агенттігі бортта 6 адамның болғандығын әрі оқиға орнында бәрінің қаза тапқаны жөнінде ақпарат таратты. Мәліметтерге сәйкес, Кючю аралында Кагосима префектурасындағы таулы жерде апатқа ұшыраған. Іздеу-құтқару жұмыстарына 600-ге жуық әскери қызметші мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: inform.kz.
Фото: blog.livedoor.jp.