• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Еске алу шарасына қатысты

484 рет
көрсетілді

Астанада 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Қазақстан Рес­публикасы Ішкі әскерінің жауынгерлерін еске алуға арнал­ған шара болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Оған еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның басшылары, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, шетелдердің әскери атташелері, әскери және жергілікті соғыс ардагерлері мен кадеттер қатысты. Шарада сөз алған Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов: «Достастықтың оңтүстік шептерін қорғап, қаза тапқан қазақстандық әскерлер бізге ержүректік пен әскери антқа адалдықтың өнегесі болды», – деді. «ТМД-ның Ұжымдық бітім- гершілік күштерінің құрамында Қазақстанның Тәжікстанда болуы Орталық Азия аймағын тұрақтандыруда маңызды мәселе болды, – деді әрі қарай Сенат Төрағасының орынбасары. – Қазақстанның әскери бөлімшелері қарулы қақтығыстардың өршуіне әрі соғыс қимылдарының көрші елдерге таралмауына жол бермес­тен, алға қойылған жауынгерлік міндеттерін табысты орындап шықты». С.Громов тарихтың қайғылы сабақтарын ұмытпауға және қазіргі замандағы қатерлерге қарсы тұруға әзір болуға шақырды. Армия мен әлеуетті құрылымдар қазіргі кездегі әскери және террористік қауіптердің алдын алу мен болдырмауда маңызды рөл атқаруы тиіс. Шараға қатысушылар Тағзым аллеясындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қаза тапқан әскерлердің құрметіне Ұлттық ұланның астаналық гарнизонының құрамы салтанатты түрде саппен өтті.