• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Бағыт-бағдары белгіленген басқосу

298 рет
көрсетілді

Әлемнің көптеген елінде өткізі­ліп жүрген Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі саммиттің бүгінгі таңда маңызы артып келеді. Себебі, осы арқылы жаһандық қаһарлы сипат алған террорлық әрекеттерге бас­тайтын ядролық қаруды қолдану қаупін төмендетуге мүмкіндік бар. Ал біздің мемле­кетіміз мұндай алапаттың зардабын алдын ала сезіп, осыдан 25 жыл бұрын-ақ ядролық қарудан бас тартудың ғаламат үлгісін көрсеткенді. Яғни, Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қаруды сынау жұмыстарына түбегейлі нүкте қойған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі туралы өз елімізде ғана емес, әлем елдерінде айтылып жатты. Біздің «Невада-Семей» антиядролық қозғалы­сы­­мыз­дан алған тәжірибелерімізді өзгелер бақылады. Халықаралық қауымдастықпен біріге отырып, осы сияқты бес ядролық державаның полигондарын жабуға қол жеткіздік. Бейбіт өмірді қолдайтын, соғыссыз және тыныш әлемде өмір сүруге бастай­тын әрекеттердің болып жатқандығы көңіл қуантқанымен, әлемде әлі де болса бұл қауіптер сақталып отыр. Сон­дықтан да ядролық және басқа да қатерлі қарулардан азат болған әлемді құру үшін мұндай кездесулердің орны бөлек, маңызы айрықша. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік мәселесіндегі берік және кезекті позициясы әлем көшбасшылары­ның назарына ілікті. Қазақстан Иран­­дағы проблеманың шешілуіне ық­пал еткен ядролық державалардың диалог алаңына айналды. Және де әлем бойынша уран қоры жағынан алда келетін сондай-ақ, оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы мемлекетіміз МАГАТЭ-мен бірлесіп Төмен байытылған уран банкін құруда өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда. Осы арқылы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланғысы келетіндер Банк ресурсын қолдануына болады. Жалпыадамзаттық мәселелер талқы бола­тын осындай келелі кездесулерге қа­ты­сып, ұдайы өзіндік пайым-парасатын біл­діріп жүретін Елбасымыз әлемді ядролық қатер­ден арылтуға шақырады. Сондықтан да, Пре­зи­дентіміздің әлемдік ауқымда саяси тұлға болып табылатынын барша мойындайды. Және оның адамзаттың қауіпсіздігін сақтау жолындағы ерен еңбегі жоғары құрметке лайық. Ахмет МУРАДОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.