• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

280 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 сәуір. Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұман түсіп, ауа-райы жауын-шашынды болады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін барады. Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деген болжам бар. Ал 7-11 сәуір аралығында Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында су тасқыны мен су басу қаупі сақталады. Аян Әбдуәли. Дерек: Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Фото: kaztv.kaztrk.kz.