АСТАНА. 13 сәуір. Таиландта Сонгкран жаңа жыл мерекесінің алғашқы күндері жол апатынан 52 адам мерт болып, 431 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Сондай-ақ, 387 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол апатының 37 пайызы жылдамдықты шамадан тыс арттырғаннан, ал 27 пайызы мас күйінде көлік жүргізгеннен болған. Мерекенің алғашқы күндері болған жағдай өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.
Айта кетейік, Таиландта Сонгкран мерекесі 10 сәуір мен 17 сәуір аралығында тойланады. Ресми түрде демалыс күндері 13-15 сәуір аралығы болғанымен, көпшілік бірнеше күнге демалыс алады. Осы уақыт аралығында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелгендіктен «өте қауіпті апта» деп аталып кеткен. Мәліметтерге сәйкес, бұл күндері орташа есеппен алғанда әрбір сағат сайын 2,3 адам қаза тауып, 160 адам түрлі деңгейде жарақат алады.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».