• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2016

Сальвадорда қақтығыс кезінде 9 адам мерт болды

262 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 сәуір. Эль-Сальвадор Республикасының Кускатлан департаментіне қарасты Санта-Крус-Мичапа қаласында тәртіп сақшылары мен қарақшылар арасындағы қақтығыстан 9 адам мерт болды. Бұл туралы lifenews.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, атышулы Barrio 18 қылмыстық тобы полиция жасағына шабуыл жасаған. Салдарынан 3 тәртіп сақшысы мен қарсы топты 6 мүшесі қаза тапты. Қазір олардың ізіне түсу үшін 100-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Айта кетейік, Сальвадор соңғы жылдары әлемдегі зорлық-зомбылық жиі болып тұратын мемлекеттердің біріне айналды. Өткен жылы қаңтар айынан қараша айының соңына дейін 6044 адам қылмыскерлердің құрбанына айналды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 72,5 пайызға көп. Ресми мәліметтер бойынша, бұл мемлекетте күніне 22 адам қарақшылардың қолынан қаза табады. Сондай-ақ, 72 мың адам ірі қылмыстық топтардың мүшесі. Олардың саны үкімет әскерінен де көп. Аян Әбдуәли. Дерек: lifenews.ru. Фото: rg.ru.