АСТАНА. 13 сәуір. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 5-туры өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осы турда «Астана» клубы тағы да жеңіске жетті. Астаналықтар сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу «командасымен кездесіп, 1:0 есебімен ұтты. Сөйтіп, турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Астана» үш ұпай жинап, орнын мықтап алды.
Премьер-лигаға бірінші лигадан келген «Ақжайық» командасы да сырт алаңда жеңісті тойлап Оралға қайтып кетті. Олар «Тараздың» қақпасының торына бір голды тоғытты. «Ақжайық» 4-турда «Оқжетпестен» өз алаңында оңбай жеңілген болатын. Сол жолы кеткен есені Таразда қайтаруға бар күш-жігерін салып, діттеген мақсатына жетті.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Астана» (Астана) 0:1 (0:0)
Гол: Юрий Логвиненко 77
«Тараз» (Тараз) – «Ақжайық» (Орал) 0:1 (0:0)
Гол: Қуаныш Бегалин 80
Сол сияқты бүгін Алматы, Көкшетау, Қостанай, Павлодар қалаларында көкмайса алаңға шыққан командалардың ойындары қызықты да тартысты өтті. Бұл матчтар мынадай есеппен аяқталды:
«Тобыл» (Қостанай) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 1:2 (1:1)
Голдар: Константин Дудченко 6 – Асланбек Кәкімов 21, Никита Бочаров 70
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Атырау» (Атырау) 2:0 (1:0)
Голдар: Марат Хайруллин 43, Жасұлан Молдақараев 59
«Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 2:0 (0:0)
Голдар: Роман Мұртазаев 63, Гогита Гогуа 73
«Қайрат» (Алматы) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:0
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz.