• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Ынтымақтастық әлі де нығая түседі

303 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға сапары барысында түркиялық  холдингтер және компаниялар басшыларымен кездесті Түркия Қазақстанның ең ма­ңыз­ды сауда-экономикалық се­ріктес­тері­нің бірі болып табылады. Қазақ­стан тәуелсіздік алғаннан бергі ши­рек ғасыр ішіндегі қарым-қатынас соның айғағы. Қос мемлекет арасындағы сауда айналымына қатысты деректер де осыны нақтылай түседі. Екі жақты та­уар айналымының динамикасына тоқталар болсақ, оның көлемі 2014 жылы 3,29 миллиард долларды (экс­порт – 2,27 миллион доллар, им­порт – 1,02 миллион доллар) құ­­ра­са, 2015 жылдың бірінші жар­ты­сында 1,2 миллиард доллар (экс­­порт – 727,5 миллион доллар, им­порт – 4,739 миллион доллар) бол­ды. Екі елдің арасындағы сауда-эко­­но­микалық байланыстарды кеңей­­тудің тиімді тетігі Қазақ­стан-Түркия үкіметаралық эконо­мика­лық комиссия арқылы жан-жақты жүзеге асырылуда. Былтыр, тура осыдан бір жыл бұрын Түркия Президенті Ред­жеп Ердоғанның Қазақстанға мем­лекеттік сапары барысында Ас­танада екі ел кәсіпкерлерінің биз­нес-форумы өткен болатын. Сол форумда сөйлеген сөзінде Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы іскерлік байланысты ерекше атап өткен-ді. – Түркия біздің стратегиялық сауда-экономикалық серіктесіміз болып саналады. Соңғы 10 жыл­да елімізге салынған түрік инвес­ти­циясының көлемі 1,8 миллиард доллардан асты. Біздің нарықта түрік капиталының қатысы бар мың жарымнан аса кәсіпорын жұмыс істейді. Түркия бұл көрсеткіш бойынша Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Қазақстанда 15 мыңнан ас­там түрік азаматы тұрақты ең­бек етіп жүр. Олар біздің жаңа ел­ор­да­мыздың құрылысына белсене қа­тысты. Астана халықаралық әуе­жайы, «Хан-Шатыр» кешені, «Ра­мада Плаза Астана» қонақ үйі және басқа айшықты нысандар – соның жарқын айғағы, – деген еді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сол кез­дің өзінде екі ел арасында жалпы құны 3,4 миллиард доллардан аса­тын 35 инвестициялық жобаны бірлесе жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Соның ішінде Жамбыл об­лысындағы құны 560 мил­лион доллар болатын «Жаңатас» жә­­не «Шоқпар» жел электр стан­­са­­ларының құрылысы, Ақтөбе об­лы­сындағы құны 500 миллион дол­лар болатын хром кенін байыту жө­нін­дегі жоба, 200 миллион доллар тұ­ратын алкогольсіз сусындар зауы­тының құрылысы бар. Сол форумда сөйлеген сөзінде Түркия Президенті Реджеп Ердоған да қазақ-түрік бизнес форумы екі ел халықтарының игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді. – Біз Қазақстанда өзімізді ата-бабаларымыздың отанында жүр­гендей сезінетінімізді атап өткен жөн. Бұл біздің халықтарымыздың қарым-қатынасына айрықша маңыз береді. Сондықтан елдеріміз үшін кез келген саладағы бір­лескен жұмыс маңызды. Біздің ынты­мақтастығымызды саяси, эко­номикалық және мәдени сала­ларда әртараптандыру қарым-қаты­на­сымызды одан әрі нығайтуға және дамытуға септігін тигізетіні дау­сыз, – деген болатын Түркия Пре­зиденті. Енді міне, бір жылдан кейін Ыстанбұл төрінде екі ел іскер топ­тарының өзара байланысын, қол қойылған келісімдердің орындалуын тағы да таразылауына тура келді. Жаңа инвестициялық жобалардың тұсауы кесіліп, алдағы атқарылатын ауқымды шаруа жөнінде пікір алысылды. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоғанның кездесуінде Түркия Президентінің Қазақстанға өткен жылғы сәуір айындағы сапары барысындағы қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асу барысы жан-жақты қарастырылды. Екі ел басшы­лары сауда-эконо- микалық, инвес­ти­ция­лық, ауыл шаруашылығы және мә­дени-гу­манитарлық саладағы мәсе­лелерді талқылады. Аталған бағыт­та екі елдің шағын және орта биз­нес өкілдерінің болашақта бірлес­кен жобаларға қатысуы атап көрсетілді. Екі жақты қарым-қатынас мәселелеріне тоқтала келіп, Нұрсұл­тан Назарбаев түріктің ірі ком­паниялары мен холдингтері «Нұрлы Жол» және индустриялық-инно­вациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуына болатындығына назар аударды. Өз кезегінде Реджеп Ердоған бір­қатар бағыттар бойынша алдыға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың қажеттілігін атап өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркиялық холдингтер және компаниялар басшыларымен кездесуі барысында да екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне кеңінен тоқталды. Түркия Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі болып саналады. Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы жылдары түрік компаниялары, кәсіпкерлері елімізге инвестиция салып, өз пайдасын тигізді. Елорда құрылысына түрік компанияларының салған үлесі өте зор. Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 1600-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы қазіргі сыртқы эко­но­микалық ахуалдың қиын­дығына қарамастан екі елдің ара­сындағы сауда айналымының қарқыны жоғары екендігін атап өтті. Сауда айна­лымы бүгінде 2 мил­лиард доллардан асып отыр. Бұл көрсеткіш ал­дағы уақытта 10 мил­лиард дол­ларға жеткізілмек. Соңғы он жылда біздің эко­но­микадағы түрік бизнесінің инвес­тициясы да 2 миллиард долларға жетті. Өткен жылы Қазақстандағы үздік 10 шетелдік компанияның ішінде түріктің үш компаниясы болды. Қазақстан мен Түркияның бірлескен 91 жобасы іске асып отыр. Оның жалпы құны 3 мил­лиард долларға жақын, деді Қазақ­стан Президенті. Елбасы екі ел арасында жасал­ған келісімдер Еуразиялық эконо­ми­калық одақ елдеріне және Қы­тай нарығына шығуға жағдай жасай­тындығын жеткізді. Қазақстан инвесторларға салық жағынан болсын, виза жағынан болсын қолайлы жағдай жасап отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 42-орында. Қазақстан осы рейтинг бойынша жыл сайын 8-10 орынға көтеріліп келеді. Басқа жеңілдіктермен қатар, экономикалық ынтымақтастықтың жаңа стандарттарын қарастырдық. Салық салудан босату, инвес­ти­ция­лық шығындарды он пайызға қай­тару, жер беру, инфрақұрылым жағынан жеңілдіктерді қолға алып отыр. Бәрімізге белгілі Ұлы Жібек жо­лында елдеріміз сауда-саттық жасап, қатынасып келді. Біз «Нұр­лы Жол» бағдарламасы арқы­лы сол экономикалық саясатты қай­та қолға алдық. Соның бір тиім­ді жері Қытай Халық Респуб­ли­касының Ұлы Жібек жолы эко­номикалық белдеуіне біздің «Нұ­р­лы Жол» бағдарламасы қатысып отыр. Осы бағдарлама арқылы Қазақстанның ішінде 7 мың шақырым автокөлік жолдарын, Қытай мен Каспий арқылы 1500 шақырым теміржолды салып бітірдік. Осының барлығы бизнес жасауға, жол қатынастарын жеңілдетудегі тиімділік, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы елде жүр­гізіліп жатқан индустрияландыру бағдарламасына да тоқталып өтті. Аталған бағдарлама шеңберінде Қазақстанда бес жылдың ішінде 900 өндіріс орны салынды. Биыл тағы да 120 өндіріс іске қосы­лады. Осы индустрияландыру бағ­дар­ламасына түркиялық кәсіпкер­лерді шақыратынын жеткізді. Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде тау-кен, металлургия, мұнай өндіру, энергетика, кө­лік және байланыс салалары кәсіп­орындары, инфрақұрылым нысандары бар. Астанада келесі жылы «Бола­шақ­тың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі өтеді. Онда Түркияның арнайы павильоны болады. Соның ішінде бүкіл озық технологияның жаңалықтарын көрсетуге мүм­кін­дік туады. Оның үстіне сол көр­менің орнында кейін Халықаралық қаржы орталығы жұмыс істе­мек­ші. Ол Дубайдағы қаржы орта­лы­ғымен бірдей болады. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасайды. Ағылшын заң жүйесі іске қо­сылады. Дүниежүзілік банк, Еуро­палық банк, Азия банкі, Ислам банкі бұл ұсынысты қолдап отыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президентінің мағы­налы, толымды ақпаратына қанық­қаннан кейін түркиялық кәсіп­керлер өз пікірлерін ортаға салды. Yildiz Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мехмед Тотенжу мырза холдингтің қыз­метінен хабардар етті. Әлемнің түкпір-түкпірінде еншілес компаниялары бар ірі холдинг әртүрлі салада қызмет етеді. Холдингтің Қазақстандағы еншілес «Улкер» кәсіпорны печенье шығарады. Түркияның өзінде, шетелдерде жалпы 50 мың адам қызмет етеді. Компанияның жылдық айналымы 12 миллиард долларды құрайды. Бас бірлестіктің бір бөлігі болып табылатын қазақстандық компания өнімдерін Орталық Азияға да шығарады. Соңғы уақытта эко­но­миканың қиындығына қара­мастан, Қазақстандағы компания қыз­меткерлері 600-700 адамға ұлғай­ған. Алдағы уақытта 20 миллион доллар инвестиция салып, оны Қа­зақстанға жаңа технология әкелуге жұмсамақ. Сондай-ақ, компанияның Қазақ­стандағы екінші бір жобасы мар­гарин шығаратын зауыт салуға бағытталған. Экономикалық көрсеткіш техникасы әзірлену үстінде. Зауытты салуға 15 миллион доллардың шамасында инвестиция бөлінеді. «Қазақстанда жасалған» деген тауар белгісімен 10 миллион доллар шамасында өнім экспортқа шығарылған. Aselcan Elektronic компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мурат Шекер де қазақстандық бизнесінің көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Оптикалық және электронды модульдер шығарумен айналысатын Астанадағы өндіріс орнында жергілікті қызметкерлер еңбек етеді. Шығарылатын әскери технологиялардың барлығы ғы­лыми-зерттеу жұмысының негізін­де дүниеге келеді. Ол үшін ғылыми-зерттеу орталығын құру қажет. Компания бұл істі де қазақстандық жоғары оқу орнымен бірігіп қолға алып жатыр. Өндірістен шыққан ал­дыңғы қатарлы технология Қазақ­станмен көршілес елдерге де, тіп­ті, Түркияға да шығарылмақ. Сон­дықтан брондалған машина, авиа­бақылау жүйесі жетілдіріле түседі. Кездесу барысында сөз ал­ған түркиялық компаниялар бас­шы­ларының қай-қайсысы да өз мүм­кіндіктерінің молдығы, әлеуеті төңі­регінде кеңінен әңгімелеп, Қа­зақ­стан нарығына инвестиция салу­ға мүдделі екендіктерін біл­дірді. Өз кезегінде «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы бас­­қ­ар­масының төрағасы Абы­лай Мырзахметов шетелдік кәсіпкерлерге қатысты мағ­лұ­маттың барлығы Ұлттық палатаның сайтына шоғырланғанын жеткізді. Кез келген шетелдік ағылшын тілінде жинақталған қазақстандық бизнеске, заңнамаға, салық жүйе­сіне, компанияларға қатысты ақ­па­раттармен жақын таныса алады. Сондай-ақ, Елбасының түркия­лық кәсіпкерлермен болған кезде­суде ірі-ірі компаниялар Қазақ­станға үлкен қызығушылық таныт­қан­дығына тоқталды. Көптеген түрік кәсіпкерлері жекешелендіруге де қатысуға ықыласын танытып отыр. Әсіресе, энергетика, логистика саласына қызығушылық білдірді. Елбасының Түркияға сапары Қа­зақстанның инвестициялық тартымдылығының жоғары нәти­жесін көрсетті. Елбасы түркиялық кәсіп­­кер- ­лермен кездесуінің соңын­да оларға өзінің ризашылығын біл­­­діріп, кәсіпкерлердің айтқан ұсы­ныс-пікірлеріне өзінің нақты пікірін жеткізді. Тағы бір атап өтерлік жайт, Елбасының Түркияға сапары барысында Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлері арасында 20-ға жуық іскерлік келісімге қол қойылды. Келісімнің жалпы сомасы 500 миллион доллардан асып жығылады. Бұл туралы Ыстанбұлда өткен Қазақстан-Түркия кәсіпкерлерінің бизнес -форумы барысында белгілі болды. Форум кезінде түрік кәсіп­кер­лері Қазақстанда өздерінің кәсіп­орындарын ашуға ықыласты екендігін білдірді. Ал дайын өнімді олар Еуразия экономикалық одағы, Орталық Азия елдеріне шығармақшы. Инвестициялар және даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, осы кезге дейін екі ел арасында 90 инвестициялық жоба қабылданып, оның жалпы сомасы 860 миллиард теңгені құраған. Түрік капиталының қатысуымен 30 жоба жүзеге асырылған. Соның арқасында Қазақстанда 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Инвестициялар және даму ми­нистрлігі Инвестициялар коми­тетінің төрағасы Ерлан Хаиров­тың айтуынша, бүгінде екі ел бас­шыларының бастамаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі – өткен бизнес-форум аясында 20-дан астам құжатқа қол қойылып, оның жалпы сомасы 180 мил­лиард теңгені құраған. Бұдан басқа, түрік бизнесмендері Қазақстан на­рығында жұмыс істеуге үлкен ықылас танытып отыр. Елге инвес­тициялар тарту бағытында, түрік бизнесімен ынтымақтастықты орнықтыруда Инвестициялар және даму министрлігі ауқымды жұмыс атқаруда. Министрлік Түркияның Эксимбанкімен 300 миллион доллар сомасындағы келісімге қол қойды. Бұл дегеніңіз, түрік кәсіпкерлері бастамаларының Қазақстанда жүзеге асуына мол мүмкіндік туады деген сөз. Ал Қазақстан-Түркия іскер­лік кеңесінің төрағасы Мерт Сарының айтуынша, қол қойылған келісімдер шеңберінде түрік кәсіпкерлері Қазақстанға қомақты инвестиция құятын болады. Екі ел кәсіпкерлері арасындағы ын­ты­мақтастық өзінің тиімді нәти­жесін көрсетті. Қазақстан мен Түр­кияның іскерлік әлеуеті күшті. Сол себепті әрі қарай да сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға күш-жігерін жұмсайтын болады. Елбасы Ислам Ынтымақ­тас­тығы Ұйымының бас хатшысы Ияд Маданимен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, соның ішінде ИЫҰ аясында жарияланған біздің еліміздің бастамаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Ұйымның алдағы саммитінің негізгі аспек­тіл­ерін қарастырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ияд Мадани халық­аралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталып, Ұйымға мүше мемлекеттердің исламофо­бияны жою және бүкіл әлем бойынша терроризм құбылыстарына қарсы тұру ісіне қатысу мүм­кін­діктерін қарастырды. Қазақстан Президенті алдағы саммитке қатысушыларды мұ­сыл­ман мемлекеттерінің бірлігін сақтауға, әлемдегі қазіргі сын-қатерлерге қарсы тұру жолдарын табу­ға шақырудың маңыздылығы мен мәселенің дер кезінде көтеріл­генін атап өтті. Қазақстан саммит аясында қабылдау жоспарланып отырған барлық шешімдерге қосылады. Біз Түркия Президентімен бірге ар­найы үндеу жариялап, онда ислам әлемін бірлікке шақырдық. Оның ережелері саммиттің қоры­тынды құжатына енгізілгені үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев проблеманы жай ғана талқылаудан нақты шешім қабылдауға көшуге байланысты Ұйым дамуының жаңа кезеңіне шығуы қажеттігіне назар аударды. Мемлекет басшысы өзінің Иран­­ға са­пары барысында ол елді Сауд Ара­биясымен қарым-қа­ты­насын жақ­сартуға шақырғанын да айтты. Бұлай бөліну ортақ бірлікке теріс әсерін тигізеді. Ислам мен прогресс әрдайым қатарлас жүреді, сондықтан мұсылман елдеріндегі ғылым мен техниканың дамуы үшін бірлесе жұмыс істеу керек. Та­ғы бір мәселе – терроризмді ислам­нан ажырату. Бізге мұндай түсінікті жойған жөн, «Ислам терро­ризмге қарсы» үндеуін қабылдап, сол арқылы үмбет деңгейін көтеру керек. Бұл бағытта сіздің елеулі үлесіңіз бар, – деді Қазақстан Президенті. И.Мадани Нұрсұлтан Назар­баев­­тың саммитке қатысуы оның ма­ңы­зын арттыра түсетінін айтты. Сіздің бастамаларыңыз ислам әлемін жақындастыра түсу жолында аса маңызды және бұдан әрі ілгерілеуге мүмкіндіктер тудырады. Бізге оларды әрі қарай жүзеге асыру үшін жұмыс істеу қажет, – деді бас хатшы. Сол сияқты, осы күні Елбасы Түр­кия Республикасының он бі­рінші Президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркияның өзара іс-қимы­лы­ның негізгі бағыттары, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер тал­қы­ланды. Қазақ-түрік ынтымақтастығы жаңа бір кезеңге қадам басты деп айтуға болады. Ыстанбұлда өткен жоғары деңгейдегі кездесулер нәтижесі осыны айғақтайды. Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» – Ыстанбұлдан (Түркия) Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ