• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Банкоматтан ақша алу

1386 рет
көрсетілді

енді карточкасыз да жүзеге асады Банкоматтан қолма-қол ақшаны пластикалық картасыз-ақ ала беруге болатын кез келді. Ол үшін қолыңызда смартфоныңыз болса жеткілікті. Бұл – еліміздегі Жинақ банкінің қазақстандықтарға ұсынып отырған теңдессіз қызмет түрі. «Жинақ банкі онлайн» жаңа сервисі банк картасы жоқ, алайда, қолма-қол ақшаны қажет ететін жандарға үлкен көмек. – Аталған қызмет түрі іске қосылғаннан бері банк клиенттер арасында кеңінен танымал болды. Екі ай ішінде картаның көмегінсіз 50 миллионға жуық қаржы алынды, – дейді «Жинақ банкі» акционерлік қоғамының бөлшек бизнесі жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Андрей Тимченко. Банкоматтан плас­ти­калық картаның кө­мегінсіз ақша алу үшін екі талап орындалуы керек. Бірінші – «Жинақ банкі онлайн» жүйесінен цифрлық код алып, ақшаны ала беруге болады. Ол үшін онлайн жүйенің мобильді парақшасына немесе оның web-нұсқасына еніп, қолжетімді операция­лар тізімінен «картасыз қолма-қол ақша алу» атты бел­гіні таңдау керек. Онда ақшаның сомасы кемінде 1000 теңгеге тең болғаны дұрыс. Мұнан соң клиент цифрлық кодтың бірінші бөлігін алады. Екінші бөлікті алу үшін ұялы телефон нөмірін енгізген жөн. Осы нөмірге код жазылған смс-хабарлама келеді. Осылайша банк операциясын рет-ретімен жүр­гізіп, соңында қолма-қол ақшаға қол жеткізесіз. Айтпақшы, құпия сөз 24 сағатқа дейін қолжетімді болады, ал ақша картаға қайтарылады. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»