• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Еңбекақы қарызы қайтарылуда

336 рет
көрсетілді

Бүгінде барлық меншік нысан­дарындағы кәсіпорын  қызметкерлеріне еңбекақының уақтылы берілуін қам­тамасыз ету жөніндегі шаралар кешені жүргізілуде. Бұл бағытта уәкі­летті мем­лекеттік органдармен, жұмыс беру­шілер қауымдастығымен және кәсіп­одақтармен тиісті іс-әрекет жасау жүйесі орнатылған. Оған қоса, еңбекақы бойынша мерзімі өткен қарыздарды жабу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде. Міне, осылайша, жыл басынан бері қадағалау актілерімен 2 млрд. теңге көлеміндегі 30 мыңға жуық азаматтың еңбекақысы бойынша қарызын қайта­ру қамтамасыз етілген. Мысалы, осы жылдың сәуір айында Ақтөбе облыс­тық прокуратурасының араласуы арқасында «ОйлТехноГрупп» ЖШС, «ЛАД» ЖШС және «Акколь» ЖШС-нің жал­пы соммасы 28,2 млн. теңгені құ­рай­­тын қарызы қызметкерлерге берілді. Ал Ақмола облысының прокуратурасы құзыретті органдармен бірлесе отырып «Жеке батыр» ЖШС-нің 15 қызметкеріне 148,7 млн. теңге қарызды өтеу жөніндегі шараларды қабылдады. Сонымен қатар, азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселе де прокурорлардың ерекше бақылауында тұр. Мәселен, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау актілері бойынша 245 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.