• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Қалдық та кәдеге асады

332 рет
көрсетілді

Еуразиялық топ құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының бірінші ұсатып байыту фабрикасында орнатылған гидрожіктеме сынақтан сәтті өтті. Жаңа қондырғының арқасында енді байытылуы қиын шлам қалдықтарын қайта өңдеп, одан қосымша концентрат алуға болады. 2015 жылы бірінші ұсатып байыту фабрикасында «Сетко Қазақстан» компаниясы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өнеркәсіптік гидрожіктеме қон­дырғысын әкеліп орнатқан бо­латын. Бұл қондырғы ұсақ түйіршікті материалдарды ірі­лігі мен қалыңдығына сәйкес бөлшектеп, шикізатты грави­тациялық байытуға дайындау үшін қолданылады. Жаңа өндірістік желі сынақ жұмыстары кезеңінде өзінің тиімділігін танытты. Қондырғы бұған дейін өндірістік қалдық саналып келген байытылуы қиын шлам қалдықтарын қайта өңдеп, қосымша байытуға алғышарт жасайды. Осылайша бұрын су шаю картасына жөнелтіліп келген шлам қалдықтарынан ендігі жерде негізгі компонент – хромды бөліп алуға болады. Өз кезегінде бұл айына қосымша 800 тонна концентрант өндіруге мүмкіндік беріп отыр. – Осы құрылғы жұмысының нәтижелерін ескере отырып, тағы да бір гидрожіктеме қондыр­ғысын сатып алу жөнінде шешім қабылданды, – деді ұса­тып байыту фабрикасының бас тех­нологы Александр Лухменов. – Бұл Еуразиялық топтың 2016 жылға арналған тауар­дың өзіндік құнын 10 пайыз төмендету және тиімділікті арттыру жөніндегі бағдар­ламасының негізгі бағытта­рының бірі болып табылады. Тау-кен металлургия саласында қазір қалыпқастан күрделі кезеңде біздің компания­да осын­дай жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру ерекше маңызды, – деп атап өтті Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Марал Бекеев. – Жоба өндіріс шығындарын төмендете отырып, біздің өнімнің әлемдік металдар нарығында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Шлам қалдықтарынан қосымша концентрат алу, алдымен өнімділікті арттыруға, сәйкесінше жұмсалатын шикізат шығынының үлесін азайта отырып, түпкі өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында кәсіпорынның қуа­тын арттыратын осындай ішкі резервтер іске қосылуы ма­ңыз­ды болмақ. Бұл кенді тере­ңі­рек өңдеуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ, тау-тау болып жатқан өндірістік қалдықтардың да кәдеге жаратылуына қол жеткізеді. Сондай-ақ, экологиялық жағдайды сауық­тыруға да алғышарт жасай­ды. Мұның өзі қазіргідей әр ти­ын есепте болатын қаржылық күр­делі жағдайда кәсіпорынның дағ­да­рысты еңсеруіне мүмкіндік береді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы