• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Талдықорған гарнизонындағы тексеріс

288 рет
көрсетілді

2016 жылдың 12 сәуірінде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің басшылық етуімен Талдықорған гар­низонының бөлімдерінде тексеріс басталды. Екі күн бойы қорғаныс ведомствосы басшысының жетекшілік етуімен жауынгерлік даярлық жос­парын орындау жөнінде жүйелі жұмыс енгізілген әскерлердің жауынгерлік әзірлігінің іргелі негіздері тексерілді. Бұл жолы бұған жіті назар аударылғанын ерекше атап өткен жөн. Себебі, жүйелі жұмыстың мақсаты әскер­лердің ұдайы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету, жеке құрамға талап етілетін әскери-кәсіби даяр­лықтың, сондай-ақ, әскердің арналуына сәйкес үйлесімділігі мен жауынгерлік және өзге де тапсырмаларды орындау деңгейіне қол жеткізе отырып, бір қалыпта ұстап тұру және жетілдіру болып табылады. «Қарапайымнан – күрделіге» қағидаты жауынгерлік даярлықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әскерлердің тә­жірибесінде оны іске асыру құрылымдық, ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыда үш өлшемшарт бойынша жүзеге асырылуы тиіс», – деп атап өтті Иман­ғали Тасмағамбетов. Жұмыс қорытындысы бойынша 18404 әскери бөлімінің командирі, подполковник Ж.Ер­мұханов, Аэроұтқыр әскерлер­і­­нің қолбасшысы, генерал-майор А.Жұ­­макеев және басқа да лауазымды адамдар тыңдалды. Тексеру аяқталысымен әскер­лер­дің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру және әскери тәртіпті нығайту бойынша нақты тапсырмалар берілді. «Егемен-ақпарат»