АСТАНА. 13 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының он бірінші президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркияның өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер талқыланды.