АСТАНА. 14 сәуір. Гвинеяның Папуа-Жаңа провинциясына қарасты Киунга қаласында жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, бортта 11 адам болған. Апат кезінде бәрі қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, ұшақта Австралия мемлекетінің азаматтары болған. Австралияның сыртқы істер министрлігінің өкілі оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: azzattyq.org.